Азық-түлік таратты

0
2226

Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы облыс орталығындағы көпбалалы отбасыларға барып, азық-түлік пен қажетті заттарды табыс етті. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті.

Індеттің жаппай таралуының алдын алу үшін жарияланған карантин кезінде тәртіп сақшылары көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. «Біз біргеміз» акциясы аясында полицейлер 7-8 бала тәрбиеленіп отырған екі үлкен отбасыға көмектесті.

«Бүгін біз көмектескен екі отбасында да жалғызбасты аналар 7 баланы асырап отыр. Бұл үлкен құрметке ие деп ойлаймын. Сондықтан, жеке құраммен келісе отырып, бұдан былай осы отбасыларға қолдан келгенше қолдау көрсетеміз деп шештік. Ол тек материалдық жағдайда ғана емес, осы отбасылардың балаларына құқықтық кеңестер беріп, еліміздің патриоты болып өсуіне ықпал етеміз»,– деді облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Кілтсөздер:АКЦИЯ АЯСЫНДА


ПІКІР ЖАЗУ