Білім күнін  егінсулықтар ерекше атап өтті. Бұлай деуге негіз бар.  Осы күні Егінсу орта мектебінде әріптесіміз, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын   Қайранбаев Қуат Әбілұлы  атындағы қазақ тілі мен әдебиеті сыныбы ашылды.

одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист  Қуат   Қайранбаев, Журналистер академиясының академигі Нұрлан Нұрғазин, Қазақстан  Жазушылар одағының Алматы облыстық филиал төрағасының орынбасары, ақын Жангелді            Немеребай, әнші, сазгер Нұржан Ахметбек, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаев, Ақсу аудандық «Молықбай» атындағы мәдениет үйінің директоры Асхат Досмұхамбетов, Егінсу ауылдық округінің әкімі Дәулет Қырықбаев  қатысты.

Шырайлы шараны  Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Әкішұлы  ашып, жылы тілегін арнап,  ақының иығына шапан жауып, домбыра тарту етті.

Мұнан соң ақын Қуат Қайранбаев атындағы сыныптың лентасы қиылды. Айта кетейік,  Қуат Әбілұлы демеушілігімен  қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті заманауи үлгіде 1 500 000 қаражатқа жабдықталды. Арнайы табысталған интереактивті тақта мен көпсалалы бейнепроектор оқушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға септігін тигізетін болды. Ақын ағамыз өз ауылының балалары үшін игі бастама жасап, жылдар бойы жинақтаған құнды шығармаларын, көркем әдебиеттерді, жеке кітапханасындағы құнды материалдарды арнайы тарту етті.  Атап айтқанда І. Жансүгіровтың шығармашылығына арналған 22 томдық жинағын, «Қазақ жырының антологиясы» 4 томы, тағы да көптеген балалар әдебиеті сыйға берілді.  Жаңа жиһаздар мен құрал-жабдыққа толы кабинет 6-сынып оқушыларына берілді. Ерекше қуанышқа бөленген мектеп оқушылары жұртшылыққа ақын ағаларының сыныбын таныстырып, өлеңдерін нақышына келтіріп оқыса, әнші, сазгер Нұржан Ахметбек Қуат Әбілұлының сөзіне жазылған әндерді орындады. Ақын жырларымен сусындаған қонақтар  тағылымды шарадан ерекше әсер алды.

Өз кезегінде  Журналистер  академиясының  академигі  Нұрлан Нұрғазин, Қазақстан Жазушылар  одағы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жангелді Немеребай, аудандық Молықбай атындағы Мәдениет үйінің директоры Асхат Досмұхамбетов сөз алып, ақжарма тілектерін айтты.

Жазушы Марк Твен «Жақсылық –  бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі» деген екен. Мектеп жастарына үлгі болсын, жаңа жетістіктерге жетелесін деген оймен ағамыздың мадақтама, марапаттары да шкаф сөрелерінен өз орындарын тапты.  Жұмыс барысында қолданған, жеке мұрағатында сақталған дыбыс жазу, фотоаппарат, микрофон сынды дүниелері де кабинеттің төрінде көрмеге қойылды.

Басқосу соңында Қайранбаев Қаут Әбілұлы Егінсу орта мектебінің 6-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауын соғып,  барша зиялы қауымға, қуанышпен бөлісуге келгендерге  алғысын айтып, шексіз ризашылығын білдірді.

 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ