Белсенділер марапатталды

1421

«Yntymaq» салалық кәсіподағының Алматы облыстық филиалы мен Алматы облысының аумақтық кәсіподақтар орталығы Талдықорған қаласындағы облыстық шахмат және үстел ойындары балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары, белсенді кәсіподақ мүшелеріне Құрмет грамоталары мен Кәсіподақ Федерациясының 30-жылдық мерейтойының арнайы алғыс хаттарын табыстады, деп хабарлайды «Yntymaq» салалық кәсіподағының Алматы облыстық филиалының баспасөз бөлімі.

Марапаттау рәсімінде облыстық ұйым жетекшілері облыстың аудан, қалаларынан келген жаттықтырушыларға кәсіподақ жұмысында белсенділік танытып, бүгінгі күні еліміздегі жалғыз заманауи кәсіподақ «Yntymaq» салалық кәсіподағының қызметімен таныстырды.
«Кәсіподақ белсенді жастармен, өз идеясын өміршең ететін іскер азаматтармен толығуы тиіс. Біз еңбек құқықтарының қорғалуын, азаматтардың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру мәселесін, Smart Kasipodaq қосымшасының қызмет аясын кеңейту арқылы, кәсіподақ мүшелерінің заманауи жаңа жобаларды, қаржылық бақылау жүргізу тетіктерін тиімді қолдану жағын қарастырудамыз», – деді өз сөзінде Самал Бағдатқызы.

Ш.ХАМИТОВ.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ