Белсенді болайық

706

 Тәуелсіздікке қол жеткізгелі елдің даму қарқыны жоғары. Дамыған отыз елдің қатарынан орын алуға ұмтылған мемлекеттің өркендеу жолы да өзгеше. Еселі еңбек өз жемісін беруде. Әлем Қазақстанды «Азияның барысы» деп танитын уақыт келді.

Дегенмен қазір уақыт талабы басқа. Әлемді әурелеген пандемия, геосаяси жағдай, ұлтаралық қақтығыстар, жер һәм территория үшін болып жатқан шайқастар біраз елді әбігерге салды. Осындай сын сәттерде Қазақстанның бір ғана миссиясы – бейбітшілікке үндеу. Міне, осындай келелі әңгімені облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әсет Қыдырманов «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің аппарат қызметкерлерімен кездесуде сөз етті.

Талай уақыттан бері халықтың жанынан табылып, олардың бар-жоғын түгендеумен келеді. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Биыл ғана Мақтаралдағы ағайын аяқ-астын апатқа ұшырады. Тілсіз жаудың кесірінен талай отандасымыз үйсіз қалды. Міне, сол кезде партиямыз қапы қалмады. Сондағы ағайынды азық-түлікпен, қажетті жабдықпен қамтамасыз ету үшін көлік-керуенін жөнелтті, – деген үміткер әлемді жайлаған пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден жәрдем берілгенін айтты. – Міне, халық партияның осындай игілікті істерін біледі. Көпшілік «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге құлықты. Өйткені «Nur Otan» халықтық партия ғой.

Кездесуде  Әсет Қыдырманов «Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.    

Бөлісу: