Жастар жайы басты орында

1146

 Жұмыссыздықпен күресу үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Жастар тартынбай сол бағдарламалардан өз үлесін алуы тиіс және сол  арқылы түйінді мәселелерді шешуі керек. Осыны  негізге алып облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нам Герман желі қолданушылармен жүздесу  өткізді.

Жастарды жұмыспен қамту – қоғамдағы  басты  мәселе болып табылады. Жұмыссыздықтың алдын алуда  елімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басты орында тұр. Мұнымен қоса  «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «7-20-25» бағдарламасы аясында оларға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту секілді бастамалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылуда, – деген үміткер аталмыш бағдарламалар арқылы жастардың белсенділігін арттыру ғана көзделмегенін, олардың қоғам дамуына сүбелі үлес қосуына сеп болу айқындалғанын айтты. – «Nur Otan»  партиясы сайлауалды бағдарламасында жастардың жайын қалыс  қалдырмаған. Өйткені партия ел келешегі білімді жастардың қолында болуы керегін назарына алған.

Желі қолданушылары үміткерге түрлі бағытта сұрақ қойды. Солардың қатарында студенттерді жатақханамен қамту жайы қозғалды. Үміткер сайлауалды бағдарламаға сай алдағы бес жылда өңірдің 8 колледжіне 1968 орындық студенттік жатақхана  салынатынын сөз етті.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ