Маңызды мәселе қаралды

744

 «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен онлайн түрде  отырыс өтті.  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды мәселелер қаралған  шараға білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет саласының мамандары мен кәсіподақ қызметкерлері қатысты.

Өз кезегінде  «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров сайлауалды бағдарламаның жүйелі жүзеге асуы үшін табандылық, жауапкершілік қажет екенін айтты.

«Атқарылған жұмыс нәтижелі болуы үшін үлкен талап керек. Ал, талап болмай жұмыс жүйелі жүрмейді. Сайлауалды бағдарлама алға қойылған жоспар болғанмен, жоспар талаптың арқасында жүзеге асады. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда барлық күш-жігерімізді салып, еңбек етуіміз қажет», – деді Серік Нұрқадырұлы.

Отырысқа қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасына байланысты сұрақтарын қойып, білім, денсаулық саласын дамыту бойынша ұсыныстарын айтты. Әсіресе, кадр тапшылығын жою, білімді мамандарды ауылды жерге жұмысқа орналастыру, жастардың білім алуына жағдай жасау секілді мәселелер сөз болды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ