Медиа-марафон ұйымдастырылды

18

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 10 жылдан бері қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді.

Осындай жоба аясында  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында медиа-марафон ұйымдастырылды. Жас еріктілердің жұмысын Жетісу өңірінің БАҚ өкілдері тамашалады.

Медиа-марафон үйсіз қалған жануарларға арналған үйшік салу шеберлік сағатынан басталды. Одан әрі бағыт «Айналайын» балалар үйінің жазғы лагеріне және облыстық мамандандырылған «Балалар үйіне» сапарымен жалғасты.

Оқытушы-куратор-ұйымдастырушы Жанар Оразбаеваның айтуынша,  әлеуметтік жобалар мектептің  маңызды бағыттың бірі. – Оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымы бар, олар өз аймағының өмірі мен мәселелерін біледі. Отансүйгіштік, жалпыадамзаттық құндылықтарға деген адалдық әр сабақта бойларына сіңіріліп, жалпы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырады,  –  дейді ол.

Медиа-марафон жалғасы  дөңгелек үстелге ұласты. Онда ынтымақтастық перспективалар талқыланды. Өз кезегінде мектеп директоры  Виктор Сосин республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне белсенді және жемісті жұмыстары үшін алғысын білдірді.

–  Барша  БАҚ  өкілдерін  кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біз еліміздегі ең өзекті де маңызды оқиғалардан хабардар болып, қуанышты да, қайғылы да оқиғаларды бастан кешіріп жатырмыз. Бүгін мектебіміздің маңызды бағыттарының бірі қоғамдық қызмет ету жобаларымен таныса алғандарыңызға қуаныштымын. Өйткені, қызмет ету – күнделікті орындайтын айрықша миссия, – деді мектеп директоры Виктор Сосин.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ