Травматологтарға арналған мастер-класс өтті

0
990

Талдықорған қаласындағы  облыстық  ауруханада екі күн  қатарынан травматология бойынша  мастер-класс өтті. Қол жарақаты бар науқастарға  демонстрациялық операцияларды  Нұр-Сұлтан қаласындағы Академик Н. Ж. Батпенов атындағы   Ұлттық ғылыми травматология және   ортопедия   орталығының хирург-ортопед дәрігері, ангиохирург Мақсұт Ибраев жасады.

Талдықорғандық дәрігерлерге еліміздегі жетекші ортопедтердің бірінің жұмысын көруге, хирургиялық араласуды жүргізудің барлық қыр-сырын қадағалап, маманның пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап алуға бірегей мүмкіндік туды. Шеберлік сабағынан кейін Мақсұт Ибраев  өзінің әсерімен бөлісті.

«Біз екі күн бойы қолдың және  дистальды сәуленің жарақаттары бойынша шеберлік сабағын өткіздік. Травматологияда бұл ең көп таралған жарақаттардың бірі. Адам  сүрініп кетіп қолын зақымдауы мүмкін. Осы жағдайлардың көпшілігінде пациенттерді консервативті емдеуге тура келеді. Қолды гипстеген соң сынық жазылғанша   жүреді. Осы уақыт аралығында мәжбүрлі әрекетсіздікке орай  буындардың бірқатары  жұмысын тоқтатады.  Қолдың  жұмысын  дамытып, қалпына келтіру үшін тағы бір ай немесе бір жарым ай уақыт  қажет.  Жарақат алғаннан кейін адам орта есеппен үш ай жұмыс ырғағынан ажырайды», – дейді дәрігер.

– Мұндай әдіспен  қазір бүкіл әлемде қолданылады,  оның ішінде  мұндай операциялар Талдықорған қаласындағы облыстық  ауруханада жасалып жатқандықтан, адамдар да үйреншікті өмір ырғағына тез енеді. Ота кезінде сүйек қалыпты физиологиялық күйде және арнайы жоғары технологиялық пластиналар мен бұрандалармен қалаған күйде бекітілген кезде біз осы әдісті қолданамыз. Отадан кейін  адам сабырлы түрде гипс  салдырмауға болады және бірінші күннен-ақ қолмен жұмыс жасау басталады. Осылайша, біз бұрын дәйекті түрде орындалған екі нәрсені байланыстырамыз.  Бірден сүйектердің бірікітірілуі  жүріп, бұған қосымша  адам қолын  дамыта бастайды.

Уақыт  өте келе, сүйек сауыққан соң науқастың қолы қалыпқа келіп жұмыс істей алады. Қалпына келу уақытында  бір жарым  есе қысқарады. Мінеки, бұл  замануи технологияларды қолдану  болып табылады.  Әрбір отаның өзіндік нюанстары бар. Сондықтан біз екі күн ішінде бес науқасқа ота жасадық, аурухананың травматологтарымен ең оңтайлы операция курсын талқыладық. Мұндай оталар  тез және сауатты оңалтуға көмектеседі, –  деп жалғады  сөзін Мақсұт Ибраев.

Өз ісінің шебері болғандардың   жас мамандармен  мұндай кездесулер өткізуі бір ғана қарапайым шындықты дәлелдейді – дәрігерлердің әрдайым  жаңа дүниеге деген әуестігі мен оқып-үйренуде бір орында тоқтап қалмайтыны.

Адамдардың заманауи, озық дүниені неғұрлым тұрақты   түрде көруімен  оның  тәжірибесінің де  молаятындығын  тілге тиек етті  Мақсұт Қапайұлы.

Мұндай көшпелі конференциялар, шеберлік сабақтары қашанда қажет. Бұл барлық елде, соның ішінде біздің Қазақстанда да бар тәжірибе.

Облыстық ауруханадағы жұмысын аяқтаған ол емханадағы әріптестерінің жұмысын  жоғары бағалады. – Облыстық ауруханада  травматологтардың жоғары білікті мамандары жұмыс істейтініне көз жеткіздім. Тіпті олардың  барлық  заманауи әдістерді  жетік меңгергенін,  біздің  келіп көрсеткеніміз олар үшін тың дүние болмады. Біз талқылаған   кейбір нюанстар болды,  бірақ олар енгізілген Республика мен көршілес елдердегі барлық жаңа технологиялардың басында тұрған жігіттер. Бұл мені қатты қуантты.

Талдықорған қаласындағы  облыстық аурухана директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD  докторы Анарбек Монғол әріптесіне көрсеткен көмегі үшін жылы лебізін білдіріп, жоғары санатты маманмен мұндай «тікелей» кездесу дәрігерлерді даярлаудың ең жақсы және ең тың әдістердің  бірі екенін баса айтты. Сонымен қатар ол Алматы облысының травматологиялық көмек қызметін дамыту жоспарларымен бөлісті. Олар барлық дәрігердің  кәсіби өсуі мен біліктілігін арттыру үшін қажет.

Айта кетейік,  екі күндік мастер-класта  бес ота  жасалды. Оған емхана директоры, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, травматолог Аслан Қалибеков, травматология бөлімінің меңгерушісі Өміржан Алтай, травматологтар Жасурбек Ғафуров, Қуандық Құтбаев, Асхат Қойчуманов қатысты.

Сонымен қатар осы күндері Мақсұт Ибраев қолынан жарақат алған науқастарды қабылдады. Облыс тұрғындары жоғары білікті маманнан кеңес алуға, әрі қарай емдеу жоспарын белгілеуге мүмкіндік алды.

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ