Ұлы ақынға ескерткіш-бюст ашылды

0
1269

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай  Талдықорғандағы Абай атындағы  №1 орта мектеп-гимназиясының алдынан ұлы ақынға арналып  бюст  ашылды.

Салтанатты шараның ашылуында сөз сөйлеген мектеп директоры Самғат Долаев ескерткіштер күнінің тарихына тоқталды. Сондай-ақ,  мектептің ұлы ақын есімімен аталуынан бөлек, ендігіде ақын бюстінің тұруы  ұжым мен оқушыларғка шабыт пен ерекше сезім   сыйлайтындығын айтты

Мұнан соң  жүрекжарды тілегін жеткізген  қалалық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев та ұлыларды ұлықтаудың, дәріптеудің ерекше бір жолы екендігін айтып, мектеп ұжымына, білімгерлерге сәттілік тіледі.

Шара соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ