Базардағылардың жайын білді

0
1883

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Әбсеметова Жамбыл ауданындағы «Абай-Жапар» базарында саудагерлермен жүздесті. Кездесуде келелі тақырыптарды қозғап, базарға келушілердің де талап-тілегін тыңдады.

Үміткер сауда үйіне келушілер мен сонда нәпақасын тауып жүрген кісілерге партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасын айтып, алда атқарар шаруаларын да жіпке тізгендей таныстырды.

«Қоғам «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді», – деді Әлия Әбсеметова.

Үміткер алдағы жылдары жол, мектеп, балабақша салынып, халықтың әлеметтік жағдайын жақсартар жобалар жасақталғанын айтты. Сөз соңында кездесуге қатысушыларды жаңашылдық пен прогрестік дамуды таңдаған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.  


ПІКІР ЖАЗУ