Биыл 50 мың тонна қант өндіріледі

0
1916

Күйбең тіршілігі сонау ерте көктемнен бас-талып, қоңыр күзге дейін жалғасатын           шаруалар қауымы үшін жиын-терім уақытының орны бөлек. Жұмыс қарқыны қызатын осынау шақта еткен еңбегі мен маңдай терінің өтеуіне қамбасын толтырып, мол өнім алуды көздейтін шаруаларға жан-жақты қолдау да айтарлықтай қажет. Осыған орай Алматы облысындағы тәтті түбірден алынған өнім мен осы саладағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Ауыл» халықтық-демократиялық  патриоттық партиясының қолдауымен семинар-кеңес

«Қант қызылшасын өндірудің жетістіктері мен мәселелері» тақы-рыбындағы жиынға Талдықорған қаласының маңайында орналасқан бес аудандағы «Ауыл» партиясы филиалдарының төрағалары, қант қызылшасын өндіруші ірі шаруа қожалықтарының  басшылары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Жетісу» әлеуметтік корпорациясының өкілдері қатысты. Семинарға жиналған қауым  алдымен Көксу қант зауытының қабылдау пунктіне арнайы атбасын бұрып, өнімді қабылдау барысымен танысты.

2014 жылы 1400 гектар жерден басталған өңірдегі қант қызылшасының өндірісі бүгінде 16 мың гектарға жетіп, 10 есе көбейген. Өңірде былтыр 45 мың тонна қант өндірілсе, биыл ол көрсеткіш 50 мың тоннаға көтеріледі деп жоспарлануда. «Ауылдықтар» мұның барлығы мемлекет тарапынан көрсетілген көмекпен облыстың жеткен үлкен жетістігі екенін айтады.

Елбасы Н.Назарбаевтың, Президент Қ. Тоқаевтың тап-сырмасымен басты назарға алынған осы бір саланың ауыл шаруашылығында алар орны ерекше. Себебі, елімізге қажетті 400 мың тонна қанттың 50 мың тоннасын биылғы жылы Алматы облысы өндірмекші. Сондықтан, болашағы зор тәтті түбір өндірісіне көңіл бөліп, шетелден түрлі сорттарын әкелуден бастап субсидиялау мәселесіне дейін жан-жақты талқылап, шаруалардың өзекті проблемаларын шешуге атсалысу – «Ауыл» партиясының басты мақсаты. Осы саладағы түйткілдердің түйінін тарқатуда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе атқара-тын жұмыстарымыз көп,– дейді Алматы облыстық «Ауыл» ХДПП төрағасы Қанат Бекиев.

Оның айтуынша, шаруа қауымы үшін қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің ең бастысы – соңғы жылдары, әсіресе, биылғы жылғы бүкіләлемдік пандемияға байланысты сырттан әкелінетін гербицидтер мен дәрі-дәрмектердің күрт қымбаттауы. Бұған қоса, жиын-терім мезгілінде жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшері де біршама көтерілген. Іштегі базыналарын айтқан шаруа қожалықтары басшыларының  түйт-кілді мәселелерін шешуде  «Ауыл» партиясы  бұл  ұсынысты Орталық аппарат пен үкіметке жолдамақ ниетте.

Жергілікті шаруалардан қант қызылшасының келісін 20 теңгеден қабылдау қажет. Облыстағы қос қант зауыты да қазір оны 8 теңгеден сатып алса, мемлекеттен берілетін субсидия 10 теңгені құрайды. Ал 18 теңге деген баға шаруалар үшін тым төмен. Ауыл тұрғындары сатып алу бағасын 10 теңгеге дейін көтеруді немесе мемлекеттік субсидияларды 12 теңгеге ұлғайтуды ұсынып отыр. Себебі, бір гектар тәтті түбір алқабын игеру үшін шамамен 500 мың теңгедей қаражат кетеді. Ал бұл өзін-өзі ақтамайды. Сондықтан қызылша өсіру шаруашылығына жәрдемдесу үшін зауыт оны қабылдау құнына 1-2 теңге қосуы тиіс,– дейді Қ. Ботайұлы.

Шаруалардың нақты мәселесін көтеру мен оның шешімін табу – аманат деп санайтын «Ауыл» партиясы мүшелерінің айтуынша, еңбекші халықтың тарапынан айтылатын проблемалар тек бұл ғана емес. Шаруалар жұмысының дәл қызған осынау шағында жыл он екі ай еткен еңбектің еш болмауы да басты назарда. Мәселен, каран-тин уақытында партия филиалында халықтың арыз-шағымы мен ұсыныс-тілектерін қабылдайтын арнайы Call-центр ашылып-ты. Партия мүшесі Алмасбек Садырбаев төтенше жағдай кезінде орталық 53 мың қоңырау қабылдағанын айтты.

Партияның Call-орталығымен байланысқан халықтың айтар базынасы әртүрлі. Қаржы мен жер мәселесінен бастап  шеші-мін таппаған түйткіл-дердің ішінде қызылша өндірісіне байланысты да сөз қозғалып, көптеген сұрақ қойылды. Солардың бірі – қызылшаны зауытқа өткізу мен оның төлемін алатын уақыт арасының тым ұзақтығы. Нақ-тырақ айтсам, қант зауытына тәтті түбір өткізген шаруалар оған берілетін төлемді келісімшарт бойынша тек 75 күннен соң ала алады. Мұндай жағдайда кешегі валюталық курс пен бүгінгі күнгіде айырмашылық болатынын ескерген жөн. Сондықтан бұл фермерлер еңбегінің еш кетуіне де ықпал етуі мүмкін. Аталған мәселе осы уақытқа дейін де көтерілген болатын. Биыл да зауыт басшыларының назарға алуын сұрап отырмыз,– дейді ол.   

Күн тәртібінде кө-терілген мәселелер қа-тарында қабылданған өнімді өлшеу барысында  кездесетін келеңсіз  жағ-дайлардың орын алатындығы туралы да сөз болды.  Мәселен, шаруалар жиналған қызылшаны өздері өлшегенде көрсеткен салмақ қабылдау пунктіне келгенде азайып қалады екен. Осы және өзге де мәселелер бойынша  жауап берген Көксу қант зауытының басшысы Алтынбек Абатов орын алған  олқылықтарды жоюда  жылдан жылға жұмыстар атқарылып келетіндігін жеткізді. Айтуынша, өнімді өлшеу кезінде қателіктің кетуі мүмкін емес. Себебі, қабылдау орнында жұмысшылардың қаты-суынсыз, компьютерлік бағ-дарламалар арқылы өлшейтін озық үлгідегі жабдық қойылыпты.

– Қазірде Көксу қант зауытының құрал-жабдықтары ағымдағы және күрделі жөндеуден толығымен өткізілді. Өнімді қабылдайтын пунктте салмақ өлшейтін құрал ауыстырылып, оның орнына электронды қондырғы орнатылды. Бурт төсейтін машиналарға күрделі жөндеу жүргізіліп, барлығы 5 машина жұмыс істеп тұр. Қант қызылшасын қабылдағаннан кейін оны тазартып, өңдейтін арнайы құрал-жабдықтар бар. Тазарту барысында өніммен қоса арасынан бірнеше килограмм тартатындай тастар шығатын жағдайлар да кездеседі. Сол себепті, кей фермерлердің әкелген өнімінің салмағы азайып қалады. Ондай мәселелердің барлығына көз жұма қарап, сол салмақ бойынша қабылдай беретін болсақ, зауыт зиян шегетіні анық. Сондықтан, кейде шаруалармен кереғар пікірлер туындап тұрады,– дейді А. Абатұлы.

Бүгінде 80 пайызға жаңартылған Көксу қант зауытында өндіріс толығымен автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде қанттың сапасын едәуір арттырады. Сонымен қатар, қант зауытының табиғи газға көшуі де өте маңызды мәселе қатарында. Зауыт экологиялық таза отынмен екінші жыл жұмыс істеуде. Яғни, оның экономикалық және аймақтық экология үшін өте тиімді екені анық. Бұған қоса, мұнда шикізатты қайта өңдеу желісі де іске қосылған. Бұл кәсіпорынның жыл бойына жұмысын қамтамасыз етсе, жөндеу кезінде 250-ден астам адам жұмыс атқарады.

Семинар-жиын барысында шаруаларға төменгі мөлшерле-мемен несие беру мәселесі де қалыс қалған жоқ. Яғни, бұл жүйені жеңілдетіп, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ауылшаруашылық несие корпорациясы арқылы жылдық 6 пайыздан аспайтын мөлшерде несие беру ұсынылды. Бұған қоса, ескірген 1982 жылғы мемлекеттік стандартты 2016 жылы қабылданған халықаралық стандартқа ауыстыру туралы ұсыныстар айтылып, «Жетісу» ӘКК өнеркәсіп кеңесінің кеңесшісі Әбілхаир Бексұлтанов осы жөніндегі өз ойын білдірді.

– Бұрынғы уақытта қы-зылшаның тек сорттары ғана егілетін болса, бүгінгі күні әр елден әкелінген қызылша тұқымдарының будандастырыл-ған түрі өсірілу-де. Сондықтан бұл салада озық технология мен жаңа сорт түрлеріне бейімделген халықаралық стандарт негізінде жұмыс жасау өте тиімді,– дейді.   

Лина АЙДЫНҚЫЗЫ

 

Кілтсөздер:СЕМИНАРЛЫҚ КЕҢЕС


ПІКІР ЖАЗУ