Вакцинациялау жалғасуда

0
1368

Коронавирусқа қарсы екпе салу әлі де жалғасуда. Алматы облысында айналасы он күннің ішінде 920 адам вакцина қабылдаған. Оның 410-ы Талдықорған қаласының азаматы. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында белгілі болды.

Жетісу өңірінде 26 медициналық мекемеде 29 егу кабинеті дайындалған. Вакцинаны тасымалдауға арналған тағы 9 мұздатқыш пен 11 белсенді тер-моконтейнерлер жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта 35 мұздатқыш және 29 белсенді термоконтейнер бар.
Өз сөзінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Джансеңгіров ағым-дағы жылы облысымызға «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы, ақпанда 6 000 доза, наурызда — 9 000, сәуірден маусымға дейін — ай сайын 45 000 доза жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
Індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері бірін-ші кезекте екпе алады. Вакцина салдыратын ақ халаттылардың саны 11 192. Ал, шалғай елді мекендерде вакцинация жүргізу қажет болған жағдайда 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Жалпы сыйым-дылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер дайындалған. 29 егу пунктінде екпе салдырған адамдарды бақылау үшін жеке ғимарат қарастырылған.
Еске сала кетейік, ақпан айының басында, барлық талапты сақтай отырып, «Медсервис Плюс «КФК» ЖШС облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-Сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы «Спутник V» 1 компонентінің 1 450 дозасы жеткізілген болатын.

С. БАЗАРҚҰЛОВА.


ПІКІР ЖАЗУ