Жаңа балабақша ашылды

0
1209

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алакөл ауданында «Көркем-2» балабақшасы ашылды. Жекеменшік балабақшада  150-ден астам бала тәрбиеленбек.

Балалар мен олардың ата-анасын  қуанышқа бөлеген салтанатты  шараға аудан әкімі арнайы қатысып,  жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі мекеменің ашылуына ұйытқы болған құрылтайшы  А.Ортабаева да ақжарма тілегімен бөлісті.

Бұл балабақшаның өзгелерден  ерекшелігі көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын тегін қамтамасыз етеді.  Екі қабатты ғимаратта балаларға сапалы тәрбие берумен қатар ой-өрістерінің өсуі мен білімді болып ер-жетуіне септігін тигізу мақсатында арнайы логопед,  психолог және басқа мамандар қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, мекеме ішіндегі балалардың ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінуде.  Мекеменің басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана емес, олардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына да мүмкіндік бермек.

Балабақша 50 маманды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.  2 мен  6 жас аралығындағы балаларды  қабылдайтын орынның бағасы да қолжетімді.

 «АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ