Жемқорлар қатары азаяр емес

0
1567

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң 2015 жылдың қараша айында қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Бес жыл бойы күшіне енген заң аясында қызмет атқарылып келсе де, сыбайлас жемқорлықтың азаятын түрі жоқ. Тіпті бүкіл әлемде болып жатқан осынау қиын кезеңнің өзінде адамдар жақсылық жасауды емес, өзінің бас пайдасын ойлап жүр. Сырқаттанған халық дәрі-дәрмек таппай шарқұрып іздеп жүргенде, пайдакүнемдер қымбатқа сатып қарық болуда. Мәселен,  Алматы облысының аумағында құқық қорғау және мемлекеттік органдарынан құрылған мобильдік тобымен 110 дәрілік препараттарды заңсыз алып сату деректері анықталған, 37 дәріхана иелері әкімшілік жауапқа тартылыпты. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарымен азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 10 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан шығарылған соммасы 13,2 млн. теңге тұратын дәрілік препараттар облыстық денсаулық сақтау басқармасына өткізілген. Бұрын 20-30 теңгеге алатын бетперде құны қазір ең кем дегенде 70 теңгеден басталады. Бұл жағдайды сәтті пайдаланғысы келген Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары заңсыз бетперде мен антисептик сатыпұсталса, Атыраудабір топ адам жалпы сомасы 313 млн теңгеге 1 млн. дана медициналық бетперде сату мен айналысқан.  Ал, Ақтауда құрылыс бетпердесін медициналық бетперде деп алдап сатқан азаматтар да ұсталған еді.  Енді міне, бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке алынды. ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, ол мемлекеттік тапсырыс арқылы берілген жұмыс толық орындалмағанын біле тұра, оларды қабылдау актісіне қол қойып, жұмыс ақысының толық сомасын төлеуге рұқсат берген. Ал қабылданған ақпараттық жүйе мүлде жұмыс істемейді. Осы іске қатысты министрліктің қаржысын тиімді жаратуына қатысты тексеріс жүргізілуде. Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі болып 2018 жылы тағайындалған болатын.

Елдегі болып жатқан қиын жағдайларға, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өтіп жатқан шараларға қарамастан,  жемқорлар саны азаймай тұр. Неге?

Мадина АКМАТОВА

 

Кілтсөздер:НЕГЕ?


ПІКІР ЖАЗУ