ЖЕМҚОРЛЫҚТАН «ЖЕҢІМПАЗ» БОЛFАН ЖЕТІСУ

0
1452

«Итің жаман дегенде ұяттан өлгенім-ай» депті ғой баяғыда біреу. Кім айтса да тауып айтыпты. Ит те иттігін жасайды. Ауласын күзетпей, үрмей қойды ма? Әлде, азуын батырып, біреуді қауып алды ма, Кім білсін? Басынан сипап, сүйек-саяқ беріп асыраған иесін ұятқа қалдырған итке күйінгеннен айтқан ғой. Біздің әңгімеміздің итке мүлдем қатысы жоқ. Тәлім-тәрбие беріп, сенім артып, қызметін өсіріп, билік тізгінін қолына берген облыс әкімі Амандық Баталовтың сенімін ақтамай, ала жіп аттап, жемқорлықпен шатылғандар өңір басшысын ұятқа қалдырып отыр.

Мақалға мәйек болған ағамыз итінің жамандығынан ұялса, облыс әкімі қол астындағы кеңірдегі кетпендей болған нөкерлерінің жамандығынан ұяттан өр-теніп жүрген шығар. Қара өлеңнің патшасы, қара сөздің зергері Абай Құнанбаевтан бір нақыл: «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қапты» дейді. Абай да, жоғарыдағы «Итің жаман дегенде ұяттан өлгенім-ай» деген бейтаныс нені және кімді айтып тұр. Әрине, екеуі де өзі баулып, бағыт бағдар берген адамның иттігін айтуда. Әкімдердің рейтінгісінде көш басында жүрген Амандықты абыройдан айырғандар Баталовтың балтырын қанатты. Бұл өңір басшысының кадр саясатында жіберген үлкен әрі бас-ты қателігі. Себеп қандай дейсіз бе? Талғар ауданына барған Серікжан Ерекешов аудан тізгінін қолына алғанына бір жыл толмай жатып, қарамағындағы қос қызметкерімен қақпан қапты. Ал, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова да бір жылға жетер-жетпес уақытта қарамағындағы сыбайластарымен құзырлы органдардың құрығына ілін-ді. Тәбеттері жаман емес. Жұмсақ жерде отырып опырып жемек болыпты. Аудан әкімі де, облыстық білім басқармасының басшысы да өздері ғана тұтылмай, қол астындағы нөкерлерін қылмысқа итермелеген. Талғар ауданының экс-әкімі Серікжан Ерекешовке қатысты қылмыстық ақпарат шындыққа айналып, оның қамаққа алынғанын растады.
Енді Майгүл Омароваға қатысты ақпарат ресми расталатын болса, Жетісу өңірі жемқорлықтан жеңіске жетті деуге болады. Бұл облыс әкімін ғана емес, Жетісу өңірінің ел-жұртын да ұяттан өлтіріп тұр. Біз алдағы уақытта облыс әкімінің кадр саясатына қатысты мақаланың жілігін шағып, сараптайтын боламыз. Өйткені, Қапшағай және Талдықорған қаласының әкімдері жайлы ел ішіндегі гу-гу әңгіме қамқа тонға сіркелеген биттей өріп жүр.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ