«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

0
1591

Карантинге орай  өз отандарына қайта алмаған Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің азаматтарына  «Шеврон» компаниясы азық-түлік және гигиена құралдарын тапсырды. 82  Қырғызстан азаматына, 120 Тәжікстан азаматына және 10 Өзбекстан азаматына көмек көрсетілді.  Олардың ішінде еңбек мигранттары, студенттер және балалар да бар.

Іс-шараны «Qolda» шұғыл көмек жобасы аясында «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Родник» Қоғамдық қоры және Еуразия Орталық Азия Қоры ұйымдастырды. Сонымен қатар, Алматыдағы Өзбекстан Республикасының бас консулдығы, Қырғызстан Республикасының бас консулдығы, «Сомониен» Тәжік мәдени-қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы»  және Алматыдағы «Замандаш» қауымдастығы да шараға жұмыла кірісті.

«Сомониен» ұйымының вице-президенті Валиев  Иноятуллохон: «Бұл гуманитарлық көмек өзге елде жұмыссыз қалған біздің отандастарымызға сәл де болсын жәрдем болды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бұл ел басына түскен қиын кезде бізді біріктірді», – деп ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«Родник» Қоғамдық қорының директоры Нина Балабаева: «Жоба аясында барлық серіктестердің қосқан үлестері зор. Карантин басталғалы бері Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Бас консулдықтары, ұлттық-мәдени орталықтар мигранттармен байланысты үзген жоқ. Біз ең алдымен  расымен де көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасадық. Жоба барысынағы діттеген міндетті орындадық, 100  мигрантқа көмек көрсетілді. Олар жылы пікірі мен алғысын айтып жатыр»,  деген пікірімен бөлісті.

Акция Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен бірге карантиннің халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарын қолдау, БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру мақсатында өткізген «Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында өтті.

Айта кетейік, Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) — 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы,азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» корпорациясы – әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі, Ол 100-ден астам елде өз жұмысын атқарады және мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар,компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға инвестиция жасайды.

«Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орны – Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционер.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

Кілтсөздер:АКЦИЯ


ПІКІР ЖАЗУ