Заманауи медициналық арбалар сыйға тартылды

0
918

«Өскемен титан-магний комбинаты»  акционерлік қоғамы Талдықорған қаласындағы «облыстық ауруханаға»  14 заманауи  медициналық арбасын  сыйға тартты.

 Зауыт өкілі  Ерлан Мұсабек   жаңа медициналық құрал-жабдықтарды ауруанаға арнайы алып келіп, оның сертификатын   аурухана директоры Анарбек Монғолға табыстады.

Өз кезегінде А.Монгол  серіктестік президенті Әсем Тілекқызы Мамутоваға  қарата жолданған алғыс хатты табыс етті.  Онда: «Талдықорған қаласындағы «облыстық аурухана»  ШЖҚ коммуналдық кәсіпорнына  көрсеткен қайырымдылық көмегі мен қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қолға алған барлық ізгі істеріңіз  жүзеге аса берсін. Сізге және   жақын туыстарыңыз бен достарыңызға зор денсаулық, амандық пен бақыт тілейміз», –  деп жазылған.

Өз кезегінде зауыт өкілі Ерлан Мұсабек   «Өскемен титан-магний комбинаты»  АҚ еліміздегі ауруханаларға үнемі қайырымдылық көмек көрсетіп келетінін айтты. «Бұл жолы Талдықорғанға,  әсіресе, белгілі травматолог Анарбек Монгол жетекшілік ететін облыстық ауруханаға келдік. Ел дәрігерлері коронавирустық індетпен күресті жалғастырып жатқан күрделі де жауапты кезеңде Алматы облысындағы ірі медициналық мекеменің  біріне қолдау көрсету біз үшін өте маңызды» – деді ол.

Талдықорған қаласындағы

облыстық аурухананың баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ