Кәсіпорындар қызметі партия назарында

0
2080

 Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Болат Сериев пен Алишер Манликов  «Ажар» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, осы уақытқа дейінгі атқарылған жүйелі жұмыстар легімен бөлісті.

«Nur Otan» партиясы қолданыстағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнім шығару ассортиментін кеңейту және ұлғайтуға ықпал ететін болады. Қазіргі қиындықтарға қарамастан партия экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бірқатар маңызды жобаларды іске асырмақ .

Өз кезегінде үміткерлер :«Бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды   қолайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз. Қаламыздың дамуы мен өркендеуі үшін азаматтар мен қоғамдық бірлестік өкілдерімен әрқашан тығыз байланыста болып, идея алмасуға дайын екендігімізді айтқымыз келеді. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» дей келе негізгі басымдықтарға тоқталып, бағдарлама бағыттары бойынша ақпараттандырып  өтті. Сонымен қатар  ұжым қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға  жауап беріп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ