Көптің сөзі күйіндірді

0
2224

Ел санасында «Елбасын елжі-реткен қыз» есебінде қалып, көп-тің жүрегін көркем поэзиясымен жаулаған, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ақын, Мақпал Мыса туралы айтылған желідегі желдей ескен көптің сөзі көңілімді жай таптырмады. Ішім қанжылады. Сонсын: «Біз неге осындаймыз, ә?» дей бердім. Айтыңызшы, біз неге бір-бірімізді қаралауға, жүректі жаралауға дайын тұрамыз, жақтауға емес, даттауға әзірміз. Жұбату үшін емес, жылату үшін барымызды саламыз. Бір нәрсенің анық-қанығына көзіміз жетпестен күйе жаға саламыз. Нұртөре ағамызша айтсақ, қазақты қазақ қорлайтын, намысын таптап зорлайтын, бір-біріне болыспайтын, болмайтын, бар тірлігі оңбайтын осындай қалыпқа қалай түстік?!. Құстың жаманы азайып, қазақтың жаманы көбейгені ме, расында?
…Бір ақын қыздарыңыздың кешіне бөлінген 28 миллион теңге үшін неге мұнша даурықтыңыздар? Сіздерді мазалаған не нәрсе: ақын кешіне бөлінген қаржы ма, әлде басқа дүние ме? Айтыңыздаршы, ақынның кеші қай мезгілде өтіп еді? Ал одан бері қаншама уақыт өтті. Егер, дәл осы 28 миллион теңгенің қайда жұмсалғанын білгіңіз келсе неге сол шақта айтып, шуламадыңыздар. Еліміз аты жаман дерттен аман қалса екен деп жанұшырып жатқан шақта қыздарыңызға қолдау танытқанның орнына зәрлі сөзбен пышақтап жатқандарыңызды қа-лай түсінуге болады. Өлеңге деген адал құштарлығы арқылы алға қадам басып келетін ақынға неге мұнша шүйліктіңіздер? Меніңше, ақынға тиісудің жөні жоқ. Керісінше, оны аялау керек. Ал сахнаның артында болып жатқан дүниеге ол шынымен де жауапты емес екенін естен шығармайықшы.
Мақпал ақын бір сұхбатында: «Өмірде ақын үшін кедергілер көп. Оның бірқатарын өзім де көрдім. Өткел бермей, алдымды бөгеді» дейді. Ендеше, аспантаулар ау-мағында бірден бір абыз атанған Шоған баба тұқымының дәні болған Мақпал ақынның жүрегін жараламайықшы. Керісінше, оның биікке самғауына қуанайық әрі қолдау танытайық.
Ел жайын өлеңмен өріп келген ақынның мінберде сөйлейтін кезі келді деп ойлаймын өз басым. Ал, желіде жазылған мысқылдардың бәрі Мақпал депутаттыққа облыстан ұсынылған адамдардың тізіміне енген сәтте қозғалып отыр емес пе. Рас, есепті талап еткен дұрыс, бірақ Мақпалдың жеке басына тиісу арқылы емес…
Жалпы, дінімізде біреуді рен-жітуден сақ болу керектігін ескертеді. Бұл турасында Имам Раббани хазреттері былай депті: «Көңіл (жүрек) – Аллаһу та’аланың көршісі. Аллаһу та’алаға көңілдің жақындығындай еш нәрсе жақын емес. Мүмин болса да, кәпір болса да ешкімнің көңілін қалдырмау керек, яғни ешкімді ренжітпеу керек. Өйткені кәпір болған көршіні де қорғау керек. Абай болыңдар, сақ болыңдар, ренжітуден өте сақ болыңдар. Аллаһу та’аланы ең қатты ренжітетін нәрсе күпір. Күпірден кейін көңілді ренжітудей үлкен күнә жоқ».
Ал біз арам-ойлы пиғылымызды алдыға шығарып, ақын көңілін кірлеттік. Құдды бір Мақпал ақын 28 миллион теңгені қалтасына салып алып, тайып тұрғандай кейіп танытудамыз. Неге?

С. ӘЙТЕНОВА.


ПІКІР ЖАЗУ