Мемлекет қолдауымен жеке ісін ашты

0
1163

Қапшағай қаласының тұрғыны, көп балалы әке Сәрсен Тұрлыбеков «Еңбек» бағдарламасымен жаңа кәсіп меңгеріп, гранттың арқасында жеке ісін ашты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қапшағай қалалық әкімдігінің мәліметінше, Сәрсен Тұрлыбеков төрт баланың әкесі, ІІ топтағы мүгедектігі бар. Өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасымен Қапшағай қаласындағы «Dinat» оқу орталығында «Шаштараз» мамандығы бойынша қысқа мерзімдік курсын аяқтаған болатын. Мұнан соң бизнес-жоспарын қорғап, 200 айлық есептік көрсеткіш (583 400 теңге) көлемінде грант ұтып алды. Қолына алған қаражатқа жұмысына қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, қазір қалалық сұлулық салонында еңбек етеді.
Қапшағай қаласының тағы бір тұрғыны микрокредиттің игілігін көрді. «Бизнес-Мектепті» бітірген Нұрланбек Сүлейменов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның қайтарымды қаржысы есебінен 6 млн. теңге шағын несие алды. Соның арқасында манипулятор сатып алып, халыққа қызмет көрсетуде.
Жыл басынан бері өңірде 600 адам «Бастау-Бизнес» жобасын бітіріп шығып, өз жобаларына қаржы алды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ