Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді

0
1430

 «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев «ZOOM» әлеуметтік бағдарламасы арқылы онлайн форматта үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.

Секенбай Сейітжанұлы партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіре келе: «Біздің партия Алматы облысы халқының үміттеріне сай болуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, халықтың барлық тобының  мүдделерін қорғап, халық пен билікті байланыстыратын буын болады. Біздің мақсатымыз – қазақстандықтардың өмір сапасын үнемі жақсарту. Біз сіздерді облыстық мәслихат сайлауында дұрыс таңдау жасап «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз», – деді.

Кездесу барысында үміткер 2025 жылға дейін құрылған жұмыс жоспары жайлы толыққанды баяндады. Сондай-ақ, жиынға қатысқандарға партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын тілге тиек етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады.

Онлайн өткізілген жиында қатысушылар үміткерге түрлі сұрақ қойып, соған сай тиісті жауап алды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

«


ПІКІР ЖАЗУ