Теңгенің құны төмендеді

0
2666

15 қараша – Қазақстан ұлттық валютасы күні. 1993 жылы төл ақшамыз – теңге алғаш рет айналымға енген еді. Теңгенің айналымға еніп, қолданыста жүргеніне биыл 27 жыл болады. Осы уақыт ішінде түрлі купьюралар өзгеріп, сан-қилы дизайндар жарыққа шықты. 2019 жылы әлеуметтік желілерде 200 теңгелік купюраның жаңа монеталық дизайны тарады. Сонымен қатар 500, 1000 және 5000 теңгелік купюралардың монеталық нұсқасы да төбе көрсетті. Бұл монеталар тек коллекция мақсатында шығарылған еді. Алайда, 2020 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі 200 теңгелік монетаны айналымға шығарды. Халықтың ойындағы басты сауал «Енді 200 теңге де 20 теңгедей болып құны жоғалып кетпей ме!?» Бұл сауал орынды. Себебі, осы уақытқа дейін теңге бірнеше деваливацияны өткерді.
Теңге алғаш айналымға енген 1993 жылы 1АҚШ доллары 4 теңге 70 тиын болған. Алғашқы айлардан бастап теңге құнсызданып, бір доллар 54 теңгеге жетті. 1998 жылы 84 теңге болса, 1999 жылы 138 теңгеге бірақ көтерілді. Осыдан кейін теңгенің арзандау қарқыны бәсең жүріп 2002 жылы 1АҚШ доллары 156 теңге болды.
2014 жылы теңге құнсызданбайтынына бірнеше рет сендірген билік жыл соңында сыртқы әсерлер күшейіп кеткенін мойындады. Осылайша 2015 жылы доллар бағасы күрт көтеріліп, теңге девальвацияға ұшырады. Қарапайым халық мұны әрқилы қабылдады. 2014 жылы 1 АҚШ доллары 187 теңге болса, 2015 жылы 189 теңге, ал, 2015 жылдың тамыз айында 189 теңгеден 198 теңгеге көтерілді. Сол кезде Қазақстан үкіметі ұлттық валюта бағамын еркіне жіберетінін мәлімдеген соң теңге шамамен 30 пайызға құнсызданып, ақша айырбастайтын орындарда 1 АҚШ долларының бағасы орташа есеппен 255 теңгеге дейін өсті. Теңгенің жай-күйі рубль мен мұнайға тәуелді болды.
Ол кезде Елбасы Н. Назарбаев 2015 жылы қараша айында ұлттық банк төрағасы болған Қайрат Келімбетовті «банк пен ұлттық валютаға сенім азайғаны үшін» қызметінен босатып, оның орнына Данияр Ақышевті тағайындаған еді. Бірақ одан кейін де теңгенің құнсыздануы тоқтамай, желтоқсан айының ортасында 1АҚШ долларының бағамы 350 теңгеге дейін жеткен. 2018 жылы теңге тағы құнсызданып, 1АҚШ доллары 378-ге жетті. Содан бері халық теңгенің құнсыздануына тіпті таңғалмайтын болды. Қазіргі таңда 1 АҚШ долларының бағамы 426 теңгені құрайды. Теңгенің тұрақты болып қалуы үшін билік барын салуда… Ал, ел экономикасының әлі де алға басар түрі көрінбейді. Неге?

Мадина МҰРАТБЕКҚЫЗЫ

Кілтсөздер:НЕГЕ?


ПІКІР ЖАЗУ