50 мың теңгені кімдер алды?

0
2637

     Бүкіл дүниені дүр сілкіндірген індет өз несібесін табан ет, маңдай терімен тапқан қарапайым шаруаны ғана емес, мүйізі қарағайдай ірі кәсіп иелерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, сан сала өкілдерінің ұнжырғасын түсірді. Олай деуімізге де себеп бар. Төтенше жағдай бастала салысымен үкімет тарапынан біршама жәрдемақылар тағайындалып, біраз еріктілер жағдайы төмен отбасыларға көмек қолдарын созған еді. 42 500 теңгеден жұмысынан айырылғандарға берілсе, артынша Елбасымыздың бастамасымен «Biz Birgemiz» қоры арқылы 50 мың теңгеден белгілі азаматтарға ақшалай көмек көрсетілді. Әйтсе де, көмекті мұқтаждардың барлығы алмады деп редакциямызға келген жандардың саны азаяр емес. «Әлі күнге дейін дауы басылмай тұрған аталмыш көмекті нақты кімдер алатыны туралы біз де білгіміз келді» — дейді олар.

Коронавирустың пандемиясына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Biz Birgemiz» қоғамдық қорынан халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататын жандарға 50 мың теңгеден көмек берілген болатын. Бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, ал партияның онлайн ресурстарына көмек сұрап хабарласушылар саны екі есеге артқан. Сондықтан, Елбасының тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясының аясында, бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа көрсету туралы шешім қабылданған еді. Артынша қорға көптеген кәсіпкерлердің ықпалы тиіп, көмек ары қарай жалғасын тапты. Тіпті, әлі күнге дейін берілуде. Яғни төртінші толқын қазір де басталып, мұқтаж жандар тізімі шығарылуда.
Жалпы бұл көмекті алушылардың тізімін әр өңірдің әкімдігі анықтайды. Жәрдемақы алушылардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы негізінде 7 санаты бекітілген. Олар: тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, бірінші топтағы мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алып жүрген зейнеткерлер (38 686 теңге), базалық зейнетақы алатындарға (16 839 теңгеден төмен), жетім балалар (тұл жетім және асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері делінген. Сонымен қатар, аталған көмек коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары облыс орталықтары мен ірі қалалардың тұрғындарына көрсетілген. Осыған байланысты тұрғындар саны 100 мыңнан асатын қалаларға ғана берілген.
Алматы облысы бойынша да мұқтаж жандар тізімі шығып осы уақытқа дейін біршама адам бұл көмек түрін алды.


Бүгінгі күні 3-ші толқын аясында 11 аудандағы мұқтаж азаматтарға, 4-ші толқын бойынша 8 ауданда көмекке  мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда.


Соған байланысты облыстық «Nur Otan» партиясының баспасөз хатшысынан нақты мәлімет сұраған едік. Ғазиз Аманжолұлының берген дерегі бойынша:
– «Biz Birgemiz» республикалық акциясы бойынша ағымдағы жылдың 19 наурызы мен 22 маусымы аралығында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары тарапынан, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында партия мүшелерінің, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен есептік кезеңде 24 440 адамға 255 млн теңге көлемінде арнайы азық-түлік және жеке гигиена заттары, антисептикалық құралдар, медициналық маскалар сатып алынып, мұқтаж жандарға тегін берілген. «Bіrgemіz» республикалық қоғамдық қорынан: 1-ші және 2-ші толқындар аясында Талдықорған қаласындағы 9912 мұқтаж жанға 7 санат бойынша 495,6 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Бүгінгі күні 3-ші толқын аясында 11 аудандағы мұқтаж азаматтарға, 4-ші толқын бойынша 8 ауданда көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. Тізімді жергілікті әкімдік пен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі әзірлеуде.
– Қазіргі кезде соңғы 4-ші толқын жүргізіліп, соның аясында Ақсу, Алакөл, Балқаш, Кербұлак, Панфилов, Сарқан, Райымбек, Ұйғыр аудандарының мұқтаж азаматтарына көмек көрсетіледі. Ал, 3-ші толқын аясында бұдан басқа аудандарға да көмек көрсетілді.
Ал, редакциямызға «мен екінші топтағы мүгедекпін, ешқандай көмек ала алмадым» деп хабарласқан Бегәділ Жұмашов бұл көмек шын мұқтаж жанға берілмеді дейді. Ай сайын 70 мың теңге зейнетақы алатын азамат карантиннің отбасылық жағдайына өз әсерін тигізгенін айтуда. «Бастапқыда үлкен қаладағылар алады, кейіннен аудандағылар алады деп әйтеуір әкімдік тізімге мені қоспады» дейді ол.
Жоғарыда айтқандай екінші топтағы мүгедектерге бұл көмек түрі берілмейді. Десек те, өзін Текелі қаласынанмын деген Лиза Абдуллаева асыраушысынан айрылған. Бір қызына 50 мың түседі деп үміттенгенін айтады. «Мен бастапқыда айтылған санатқа кіреді екенмін, маған да түсетін шығар деп ойладым.


Қазіргі кезде соңғы 4 ші толқын жүргізіліп, соның аясында  Аксу, Алакол, Балкаш, Кербулак, Панфилов, Саркан, Райымбек Ұйгыр аудандарының мұқтаж азаматтарына көмек көрсетіледі. Ал, 3ші толқын аясында бұдан басқа аудандарға да көмек көрсетілді.


Бірақ біздің қала ірі қалалар тізіміне кірмейді екен. Содан кейін аудандар да алады дегенде тағы да түсетін шығар деп едік, бізге тағы да берілмеді. Түсініксіз. Біреулерге ешқандай санатға жатпаса да беріліп жатыр, ал шын мұқтаждар ешқандай санатқа кірмейді дейді.


«Biz Birgemiz» республикалық акциясы бойынша ағымдағы жылдың 19 наурызы мен 22 маусым аралығында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары тарапынан, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында партия мүшелерінің, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен есептік кезеңде 24 440 адамға 255 млн теңге көлемінде арнайы азық-түлік және жеке гигиена заттары, антисептикалық құралдар, медициналық маскалар сатып алынып, мұқтаж жандарға тегін берілген. «Bіrgemіz» республикалық қоғамдық қорынан: 1-2-ші толқындар аясында Талдықорған қаласындағы  9912 мұқтаж жанға 7 санат бойынша 495,6 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген.


Менің ойымша әкімдік тізімді дұрыс жасап жатқан жоқ сияқты» – деп мұңын шақты.
Расымен де, көмек тиісті адамға берілді ме?-деген мақсатпен билік партиясына жүгіндік, Ал, партияның баспасөз хатшысы «Бұл ретте аталған әрбір санатта мұқтаж жандар да, сонымен бірге көмекті қажет етпейтіндер де бар екенін айтты. Сондықтан біз тізімді тікелей жергілікті жағдайды жақсы білетін әкімдіктерден алдық»-дейді.
Төтенше жағдай кезінде бірнеше көмек берілді. 42 500 ден басталған көмек, коммуналдық төлемге 15 мың теңге тағы да «Biz Birgemiz» қорынан 50 мың теңге деп халыққа көмектер көрсетілді. Әйтсе де, редакцияға шағымданғандар айтуылы көмек шын мұқтаждарға толық жетпеді-деп мұңдарын шағуда.

Г.ЕРДАУЛЕТОВА.

Кілтсөздер:ЖАҢАЙҚАЙ


ПІКІР ЖАЗУ