ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды

0
1061

 «Қызыл жарты ай қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлестікте 130 еріктілерді оқытып, оларды 25 мобильді топқа бөлді. Бұл бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған «Qolda 2.0»  шұғыл көмек бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

«Инфо-Щит» жобасының негізгі мақсаттары – Қарағанды ​​облысында волонтерлікті дамыту, азаматтық қоғамның төтенше жағдайларда тиімді әрекет ету қабілетін арттыру және қоғамдық және еріктілер ұйымдарының күш-жігерін үйлестіруді жақсарту болып табылады. Еріктілерден құралған мобильді топтар қамтитын аймақтар – Қарағанды қ, Осакаров, Бұқар Жырау және Шет аудандары.

«Бұл жобаның мәні мынада: біз таңдаған аймақтар төтенше жағдайларға өте сезімтал. Бұл елді мекендерде су тасқыны жиі болып тұрады. Алдыменеріктілер арнайы оқудан өтті, кейін олар ауыл тұрғындары үшін онлайн-тренингтер өткізді. Тренингтер барысында әр елді мекен үшін қауіп-қатер картасы әзірленді. Сол карталардың көмегіментұрғындар өз елді мекендерінде төтенше жағдай қаупін анықтай алады және алдын-алуға тиісті әрекет жасай алады», – «Қызыл жарты ай қоғамы» ҮЕҰ Қарағанды ​​облыстық филиалының жетекшісі Татьяна Абрамова.

2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында мобильді топтар бірқатар рейдтер мен акцияларды өткізді, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан тұратын отбасыларға арналған 116 дана жоспар құрды. Жоба Қарағанды ​​қаласы, Осакаров, Бұқар жырау және Шет аудандарында тұратын 50 000 адамды қамтыды. Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысының тұрғындарына COVID-19 туралы 70 000 дана ақпараттық парақшалар таратылды. «Инфо-Щит» жобасы барысында ауыл-аймақ тұрғындарының төтенше жағдайлармен COVID-19-дың денсаулыққа тигізетін негативті әсерін азайтуға қажетті дағдыларды қалыптастыруға және стресстік жағдайда жедел әрекет ету қабілеті сияқты жеке қасиеттерді дамытуға ерекше назар аударылды.

«Инфо-Щит»  жобасының соңында «Мемлекет пен Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы апат кезінде әрекет етутиімділігін арттыру. Төтенше жағдайға дайындық кезіндегі еріктілердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында жобаның қатысушылары мен еріктілері марапатталды.

«Qolda»  шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон»  компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон»  – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қол жетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі табысты да тұрақты әлем құруда зор деп санаймыз. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.


ПІКІР ЖАЗУ