Түлектерді аттестаттау маусымда өтеді

0
1382

  Пандемияға байланысты мектептерде өтетін бірнеше іс-шара қысқартылды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова өзінің Facebook парақшасында жазды.

Осы орайда  Алматы облыстық білім  басқармасының баспасөз қызметі  биыл 11-сынып түлектерін аттестат беру рәсімі 3-4 маусымда табыстау жоспарда екенін  айтты. «Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілері үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты түрде аттестаттар тапсырылып, 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады» –делінген хабарламада.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Кілтсөздер:БІЛІМ


ПІКІР ЖАЗУ