Қайырымдылық көмек көрсетілді

0
1477

КӨКСУ ауданында 72 отбасына 2 млн. теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу аудандық әкімдігінің мәліметінше, Мұқаншы және Балпық ауылдық округтеріндегі көп балалы және аз қамтылған отбасыларға түрлі көмек көрсетілді. Бұл ретте өңір меценаттарының көрсеткен қолдауы зор. Мәселен, ауданның көп балалы отбасыларының бірі жуырда қоныстой қуанышына жетті. Меценаттар өз қаражаттарынан 1 млн. теңгеге отбасына үй сатып әперген. Демеушілер қаржысына 41 аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 500 мың теңгеге азық-түлік, 40 отбасыға 550 мың теңгеге отын түсіріліп беріліпті. Сол сияқты 10 көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары жаңа жылдық сыйлыққа ие болған. Сөйтіп, Көксу ауданы Мақашы мен Балпық ауылдық округтерінде тұратын 72 отбасына қазіргі кезде бірлесе көмектесудің арқасында жалпы сомасы 2 млн. 075 мың теңгеге жәрдем жасалыпты.
* * *
АЛ, Қапшағай қаласында 1655 көп балалы және аз қамтылған отбасыға шамамен 11 млн. теңгеге қайырымдылық көмек жасалған. Мәселен, демеушілердің қаржысына 700 көп балалы және аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 5 млн. 325 мың теңгеге азық-түлік берілген. Тағы 55 отбасыға 1 млн. 540 мың теңгеге көмір алыпты. Сол сияқты мүмкіндігі шектеулі 700 баланы 2 млн. 100 мың теңге болатын жаңа жылға арналған сыйлықтармен қуантып, «Мейірімді адамдар» қайырымдылық шарасы шеңберінде 200 отбасыға 2 млн. теңгеге азық-түлік пакеттері таратылған.
Жалпы Қапшағай қаласы мен өңірінде бүгінгі күнге 1655 отбасына жалпы сомасы 10 млн. 965 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ