Қауіпсіздік шараларын сақтайық

0
981

Жыл басынан бері 38 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы өрттердің жалпы санының 12 пайызын құрайды, 1 млн. теңгеге залал келтірілді, балалар арасында өлім және ауыр жарақат болған жоқ. Бұл туралы JETISY MEDIA ақпараттық алаңында мәлім болды.

Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білу мақсатында жыл сайын нұсқаулықтар, дәрістер сондай-ақ өртке қарсы насихат жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек. Себебі, дәл осы кезеңде олар үлкендер тарапынан бақылаусыз қалып жатады.
«Облыс аумағында қала сыртындағы 30 сауықтыру лагерін ашу жоспарлануда. Лагерь аумағында өртті болдырмау мақсатында барлық қарсы іс-шаралар, сондай-ақ балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Балалардың демалысы кезінде сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жазғы каникул кезеңі аяқталғанға және 2021 жылы лагерьлер жұмысына дейін жалғасады», – деп атап өтті ТЖД төрағасының орынбасары Игорь Жуков.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ