«Әлібиге әділдік»

0
2746

«Әділет тілесе – атамның да айы¬бын айтам» деген қазақ едік. Өкініштісі сол қазіргі кезде әділеттілікті көп жерден көре бермейміз. Жала жабу, еш кінәсіз бірнеше жылды арқалап кете берген талай адамды көзіміз де көріп жүр. Әңгіме осыдан бірнеше ай бұрын жазықсыздан жазықсыз абақтыда отырған жас талант, әнші Әліби Өтепберген туралы.
Әліби Өтепберген – елім деп еміреніп, жас болса да, талантымен та¬лайды таң қалдырған әнші. Ғаламторға есімін тере қалсаң Әлібидің бірнеше әндері жайнап шыға келеді. Ендігі ән жазып, тәлімгер болып, адал жолмен ақ нанын тауып жүрген Әлібидің ертеңіне қара бұлт үйірілді. Өткен жылдың жаз айында елордалық студент Әліби үйіне, Ақтөбеге қайтады. Демалысын бекер өткізбеуді жөн санаған Әліби «Ақбөбек- Восток» балалар лагеріне жетекші болып жұмысқа орналасады. Жетінші отрядтың жетекшісі болып жұмысқа кіріскен ол, сол жердегі қыздардың тәртібіне көңілі толмай кешкі би кешіне жібермей қояды. Ағайларының бұл ісіне кек алмақ болған балалар ата- аналарына хабарласып, «бізді бөлмеге қамап қойды», «күнде ұрып, соғады», ал қыздары «бізге зорлық көрсетеді», «тіпті, душқа бізбен бірге түседі», деп жалған ақпарат айтады. Бұл сөздерді естіген жеті баланың ата-анасы де¬реу жетіп, Әлібидің үстінен арызда¬нады. Ата-аналардың кейбірі арызда¬рын қайтып алғанымен, іс ендігі құқық қорғау органдарына өтіп кеткен-ді. Ал сот ісі, бір жақты ғана қаралған. Ол тек балалардың сөзімен және ата- аналардың арызымен ғана шектелді, тіпті лагерьдегі бейнежазбалар да қаралған, сонда да, ешбір айғақ жоқ дейді. Кейіннен 9 ай бойы тергеу изолято¬рында қамауда болып, 2020 жылдың 25 наурызында жабық сот өткен. Іс бары¬сында Әлібиді ҚР қылмыстық кодексінің 124-бап, 3-тармағы бойынша айыпты деп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Осы уақытқа дейін «Әлібиге әділдік» хэштегімен біршама өнер иелері бой көтеріп, әділдікті талап етті. Де¬сек те, аппеляциялық сатыдағы екінші сот отырысы да ешқандай нәтиже бермеді. «Нақты дәлел мен дәйексіз, нақақтан-нақақ айыпталған бауырымыздың, болашағына балта шабуына жол бермеуіміз қажет»-деп танымал тұлғалар, оның ішінде Света Айтбаева, Меруерт Өтекешова, Айгүл Иманбаева, Алтынай Жорабаева, журна¬лист Бибігүл Дәулетбек Әлібиге қолдау білдірген. Олар Әлібидің кінәсіздігін ай¬тып, Қазақстан президентінен көмек сұраған еді. Ал, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова Әлібидің өз шәкірті екенін, мұндай арамдыққа бар¬майтын адал жігіт екенін айтуда. Тіпті, әу баста арыз жазған ата-аналардың бірі балалардың қызбалыққа салынып, жалған сөйлегендерін айтып, Әлібидің обалына қалмаумыз керек-деп сотта да ағынан жарылған. Бірақ қатал үкім, өрімдей жасты да, әкесін ботадай боздатып, жақындарын жалған жала қабырғаларын қайыстырды. Қылмыстық жауапкершілкке тартылғанға дейін ешбір қылмыс жасамаған Әлібидің ендігі тағдыры жоғарғы сатыдағы касациялық сотта қаралмақ. Әгарәки онда да, төменгі екі сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалса, қазақ өнеріне өзіндік қолтаңба қалдырған азаматтың тағдырына балта шабылды деген сөз. Кімінің ақ, кімнің қара екенін әрине сот шешеді, соңғы нүктені де сот қояды. Әлеуметтік желіде шыр-пыр болып жүрген өнер адамдары мен қарапайым халықтың үніне жоғары сот құлақ түре ме? Шынымен жазықсыз болса, тепсе темір үзетін жігіттің басына үйірілген қара бұлт арыла ма? Адамдар арасында бірін-бірі табалау, алалау, аяқтан шалу, жазықсызды жарға итеру көбейіп барады Неге?

Г.ЕРДАУЛЕТОВА.

Кілтсөздер:НЕГЕ?


ПІКІР ЖАЗУ