14 млн. 585 мың теңгеге айыппұл салынды

0
867

Өткен жылдың басынан  Талғар ауданында   5396 адамнан зертханалық сынамалардың нәтижесінде  «COVID-19» індеті анықталған. Олардың 1327-інде ауру белгілері байқалмаған, 4045-сі  сиптомды.  Қазіргі кезде 318 науқас амбулаториялық ем қабылдаса, 751 тұрғын үй карантинінде. Бұл туралы  Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Баспасөз-қызметінің мәліметінше,  Талғар ауданында екпе алу қарқынды жүргізілуде.  Аймақтағы медицина қызметкерлерінің 97 пайызы, білім ошақтарындағы мамандардың 89,8 пайызы, аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің 86 пайызы,  құқық қорғау органдары  мамандарының 82 пайызы, студенттердің 37,1 пайызы  вакцина салдырғандар қатарында. Барлығы  36 877 адам  екпе алған.

Бүгінде ауданда коронавируспен күрес жан-жақты жүзеге асуда. Науқастарды емдеп, тұрғындардың екпе алуынан бөлек қоғамдық орындардағы карантин талаптарының сақталуы да басты назарда.

Жыл басынан  бері мониторингтік топтар 1834 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 14 608 нысанды қамтыған. Рейд барысында карантин талаптарын бұзған 155 жағдай анықталып, жалпы сомасы 14 585 000 теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

С. БАЗАРҚҰЛОВА.

 


ПІКІР ЖАЗУ