15-ші сервистік әкімдік ашылды

0
1883

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысы Жамбыл ауданында мүгедектер үшін шақыру қоңырауы, пандус, брайль шрифтінде жазылған тақталар, өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш, яғни барлық мүмкіндік қарастырылған сервистік әкімдік ашылды. Бұл — Алматы облысында ашылған 15-ші сервистік әкімдік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қолға алынған кеңсенің ашылуына Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қобылан  Манапов және аудан әкімі Бағдат Әлиев қатысты.

Аудан әкімі Бағдат Әлиевтің айтуынша, бұл ғимаратта мемлекеттік мекемелердің 13 маманы тұрғындарға 36 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кеңседе «Жетісу адалдық алаңы» жобасымен жабдықталған азаматтарды қабылдау кабинеті орналасқан. Мұнда аудан әкімі, оның орынбасарлары, мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

Сервистік әкімдікте барлық қолайлы жағдай жасалған. Күту залында ыңғайлы орындықтар, кондицинер, суға арналған диспенсер мен ақпараттық теледидар орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш ұйымдастырылған. Мүгедектер үшін шақыру қоңырауы, пандус, киім шешетін бөлме, брайль шрифтінде жазылған тақталар да бар.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ