68 Сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді

0
836

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті осы жылдың 8 айында 87 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркесе, оның ішінде 78,2 пайыздан астамы немесе 68 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.

Жеделтергеу тәжірибесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 86,8 пайызы парақорлықпен байланысты, оларға 59 қылмыс жатады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 154 адам жауапкершілікке тартылған.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың айтуынша, есептік кезеңде бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 10 фактісі анықталып (26 қылмыс), 35 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 10 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалыпты. Мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу аясында 23 қылмыс тіркелген. 18 тұлға жауапкершілікке тартылып, келтірілген залал 133,3 млн.теңгені құраған, 940,1 млн. теңге көлеміндегі залал қайтарылған.
Өз сөзінде ол есептік кезеңде «жүйелі» сыбайлас жемқорлықтың 8 фактісі анықталғанын да тілге тиек етті. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 22 адам әшкереленіпті. 33 қылмыс тіркеліп, 4 қыл- мыстық іс сотқа жолдаумен аяқталып, 1 адам бас бостандығынан айрылған.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ