Бала құқығын қорғаудағы бетбұрыс

0
453

«JETISY MEDIA» ақпараттық алаңында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік органдармен үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатындағы шара өтті.

Шара барысында белгілі болғандай, жыл басынан бері департаментке балаларға қатысты 72 оқиға тіркелсе, оның 45-і әлеуметтік желі арқылы келіп түскен. Департамент тарапынан 27 оқиға анықталып, шешімін тапқан. Бұл өз кезегінде бала құқығын қорғаудағы атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы екенін атап өтті. Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айымгүл Құлахметова.
Өз сөзінде ол 2020 жылдан бастап өңірлердегі Министрліктің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне балалардың құқықтарын қорғау функциясын үйлестіру жұмысы жүктелгенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А.Саинның бастамасымен Министрліктің 2021ж. 02.04. №142 бұйрығына сәйкес барлық өңірдегі департаменттер базасында баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мониторингтік топ құрылып, өз жұмыстарын бастағанын айтты.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Білім және ғылым министрлігінде 20 мамыр — 20 маусым аралығында 8 бағыт бойынша «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық науқаны аясында іс-шаралар онлайн форматта жалғасын табуда. Сондай-ақ, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өткізілетіні де тілге тиек етілді.
«Бүгінгі таңда 1-10 маусым аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы «Тәуелсіздік ұрпағы» үздік арт-объект онлайн халықаралық сурет байқауы жарияланды», – деді Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айымгүл Құлахметова
Айта кетейік, облыс көлемінде, мереке күндері «Құлыншақ» балалар ан-талогиясының тұсауы кесіліп, облысы-мыздағы барлық кітапхана мен музейлерде «Бала – өмір мәні» тақырыбында экскурсиялар мен танымдық сағаттар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мә-дениет үйлері ғимаратының LED экрандарында бейне-клиптер мен балалар әндерінің көрсетілімдерін ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілді.

С. БАЗАРҚҰЛОВА.


ПІКІР ЖАЗУ