Хиджама – саулық кепілі

0
3309

Қазіргі таңда көптеген зиянкесті заттар көбейді, ауа-райы бұзылып, суда, тамақта токсин пайда болған, әрі адам ағзасының құрамы дәрі-дәрмектердегі химиялық заттарға тәуелді. Ағзамызды улаған зиянды дәрі-дәрмектен қалай арылуға болады? Қарапайым халыққа пайдасы тиеді деген мақсатта бүгінде кеңінен таралып, көпшіліктің сұрауына ие болған қан алдыру (хиджама) тәсілі туралы біраз ақпарат бермекпіз.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисте былай деген: «Үш түрде ем бар: бал ішуде, қан алуда және отпен күйдіруде. Ең жақсы ем жолы ол қан алу. Ибн Аббас риуаят етеді: «Пайғамбар  с.ғ.с. қан алдырып тұратын әрі қан алған адамға ақысын өтеп беретін»,- деп жазады. Жалпы хиджама деген не? Хиджама арабшадан аударғанда «сору, тартып алу, сіңіру» деген мағынаны білдіреді. Артық қанды алу арқылы денені зиянды заттардан арылтады. Қан алдырудың пайдасы көне заманнан бар, күні бүгінгі медицинада да дәлелденген. Бірақ қазір жаппай хиджама жасататындардың жайы алаңдатарлық дүние. Сол себепті де қаламызда барлық талаптарға сай келетін, нақты хиджама жасауға рұқсаты бар арнайы орталықты тауып, біраз зерттедік. Буын аурулары, сары су жиналуы, нерв жүйесінің ауруы, арқа ауруы, мойын ауруы, қан қысымы (гипертензия), қан қоюлығы, аяқтың қақсауы, бедеулік, геморрой, простатит, өкпе аурулары мен жөтел, асқазан ауруы, бүйрек ауруы, жыныс аурулары, депрессия, жүрек аурулары, диабет, бауыр аурулары, варикоз тамырлары, тері аурулары сынды ауруларға ем болатын хиджаманың пайдасы ұшан-теңіз. Қаламызда «DOSMED» деп аталатын хиджама жасау орталығы бүгінде өз жұмысын жасап, тұрғындардың алғысын алып жүр. Орталықтың басты мақсаты да ағзаға зиян келтірмей ем-дом жасау екен. «DOSMED»-тің ашылуына себепкер болып, бүгінде хиджама жасау басты жұмысына айналған Досжан Қыдырхановты сөзге тарттық. «Не үшін хиджама жасау керек? Қан әрдайым қозғалыста болу қажет. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық церкуляцияланбай тамырлармен, артериялар бойымен барлық қанның тек жартысы ғана қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі «резервте» сақталып тұрады, қан кету, гипоксия, интенсифті жұмыс және т.б жедел жағдайда жұмсалады. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бастайды. Өз қасиетін жоғалтады ағзаға түскен зиянды нарсені жинайды. Бұндай тұрып қалған қаннын кесірінен әрбір мүше өзінің жұмысын толықтай атқара алмайды. Хиджама – денедегі жаман қаннан кұтылудың бірден бір жолы» — дейді Досжан Амантайұлы. Хиджаманы денсаулығы сыр берген кез келген адам жасата береді. Дегенмен кей жағдайларда қан сорып алуға болмайды. Мысалы, қанның дұрыс ұйымауы, қан обыры, тромбоцитопения, лейкоз, анемия, онкологиялық ауруларда хиджама қолданылмайды. Хиджаманы онкологиялық ауруларға қолдану жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Ғалымдардың бір тобы – онкологиялық аурулар үшін бұл ең соңғы үміт те болуы мүмкін деген пікірді ұстанса, басқа топ ғалымдары бұл аурудың одан бетер таралуына әсер етеді дейді. Дегенмен мұның барлығын дәрігер науқастың қан сараптамасы мен басқа да зерттемелерін ескере отырып шешеді. «Хиджама қазір дінге бет бұрғандар арасында кеңінен таралған. Бұл – сонау атабабамыздан келе жатқан Пайғамбарымыздың сүннеті. Кезінде біздің аталарымыз батпаққа, құмға түсетін. Жылдың бір мезгілінде малдың мүйізімен қан алдыратын. Кейде медициналық банкілерді пайдаланатын. Содан кейін сүлік салдыратын. Осылайша, денедегі арам қанды алдырудың пайдасын ертеден білген. Хиджама исламда ғана емес, ежелден келе жатқан Шығыс медицинасындағы маңызды емдом саналады. Сүндетке отырғызу да медициналық тұрғыда дұрыс дүние. Оны Еуропа мойындап отыр. Сол сияқты хиджаманың пайдасын әлем жұртшылығы ұғынып келеді. Бір айта кететіні, хиджаманы оқыған, кәсіби дәрігер жасауы керек. Адамның денесінде арнайы нүктелері болады. Сол нүктелерін дәрігер ғана таба алады. Қазіргі таңда медициналық маманданбаған хиджаманы үйреніп алып, білсе де білмесе де табыс көзіне айналдырып отырғандар бар. Бұған мен қарсымын. Өйткені ет пен терінің арасындағы арам қанды алу дұрыс. Бірақ ол дұрыс алынбаса адам, ағзасындағы пайдалы қан да алынып, керісінше ауруға душар болуы әбден мүмкін» — деген орталықтың басшысы қазіргі кезде өзінің көмегіне жүгінетіндердің саны артып келе жатқанын жасырмады. Мәселен, бұрын бірнеше клиентпен ғана жұмыс жасаған Досжан болашақта хиджама жасайтын сауатты мамандарды алсам деген жоспарының бар екенін де айта кетті. Расымен де хиджаманың пайдасын нақты осы орталықтан көрген кісіден де пікір алуды жөн көрдік. Бірнеше рет қан алдыру арқылы денсаулығым жақсарды деген Арман есімді азамат Досжанның қолы жеңіл, өте сауатты екендігін айтты. «Хиджаманы бірнеше рет жасаттым. Әсері өте керемет. Өзім басымнан бірнеше соққы алғанмын. Жиі басым ауырады. Дәрілер кері әсерін тигізіп жатады. Хиджама болса әсерін тез береді. Бірден жеңілдеп қаласың. Мен негізі Алматыға барып арнайы орталықтарға жасататын едім. Талдықорғанда xиджама жасайтын адам аса кездестірмедім. Сертификаттары бар ма, дұрыс жасай ала ма сенбедім. Біраз уақыт бұрын Досжанды кездестіріп, үй ішімізбен жасатып жүрдік. Ол кезде үйге келіп жасап беретін. Енді өзінің орталығын ашқаны қуантты. Барлық жағдай бар. Тазалығы да өте жақсы. Жалпы xиджаманы дінімізде құптайды ғой. Сондықтан жасатпаған адамдарға кеңес берер едім. Әсіресе, басы жиі ауыратын адамдарға пайдасы өте зор»-дейді Арман Мұхамадиев. Ал, қан қысымы жиі көтерілетін Жанар есімді азаматша дәл осы хиджамадан кейін денсаулығы жақсарғанын айтты. «Досжанға барып хиджама жасаттым. Өйткені желкем тартып, қан қысымым үнемі жоғары болатын. Арам қандардан арылғалы бері бәрі жақсы. Аллаға шүкір, шынымен пайдасы бар екеніне көзім жетті. Досжан бауырыма Алла разы болсын. Жұмысың алға бассын дегім келеді» — деп ыстық ықыласын білдірді Жанар Алпысбаева. Дертіне шипа тапқан жандар, осы орталықтың тұрақты емделушісіне айналғандар қарасы өте көп бүгінде. Дінімізде құп саналатын осы емдеу жолы барлық азаматтардың ауруына шипа болсын деген ниетпен осы мақала жарық көрді. Біздің мақсат оқырмандарға пайдалы ақпарат пен құнды деректер беру. Сол себепті осы орталықтың емін пайдаланып көруге кеңес берер едік.

Г.ЕРДАУЛЕТОВА.


ПІКІР ЖАЗУ