Әлеуметтік ахуал және қаржылық сауаттылық

0
100842

Қаржылық сауаттылық. Бұл – әрбіріміз білуге тиіс мәселе. Осы сауаттың жоғынан адамдарда банкке берешек өсіп, өзі қарызға батып, қолдағы барын  пирамида алаяқтарына апарып береді.

«Шеврон»  компаниясының  демеушілігімен Түркітілдес журналистер қоры ұйым-дастыруымен жүргізіліп  ке-летін  вебинар сериясының кезекті тақырыбы осы мә-селені қамтыды.  Яғни,  «Әлеуметтік ахуал және қаржылық сауаттылық»  та-қырыбы шеңберінде  экономист Мақсат Халық елдегі экономикалық ахуалды терең талдады. Естеріңізде болса,  өткен жолғы сабақта   банк  карточкаларының  ерекшеліктері мен ондағы цифрлар сырына саяхат жасалып, несиенің түрлері  талданған болатын. Бұл жолғы сабақ та  көбіміз біле бермейтін, біліп тұра ескере бермейтін дүниелерді еске салды. Экономист маман  акцентті көбіне  әлеуметтік ахуал төңірегіне қарай бұрды.  Әуелі  аймақ журналистеріне қарата «Бәсекеге қабілетті елдердің  рейтингісі бойынша біз қай орындамыз?» деген сауалын қойды.  Бұл тұста онлайн жүздесуге қатысқан журналистер шама-шарқынша ой-пікірлерін білдірді.

Медиа тренердің сөзінше, бәсекеге қабілеттілік бойынша ең үлкен рейтингті беретін Дүниежүзілік экономикалық форум. Жыл сайын  қаңтар айында  Швецарияда дүниежүзілік экономикалық форум өтеді. Оған әр жы

лы  кем дегенде  140-тан астам мемлекет қатысады.  Сол  мемлекеттер ішінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі бойынша қаншасыншы орында?

«2006 жылдан бастап, ә дегеннен 56 орында тұрыппыз. Шынын айту керек, бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, 2007, 2008 жылдарды  қарасаңыз біз кейінге қарай кеттік.  Оған себеп,  сол жылдардағы   қаржылық дағдарыс. Оның  Қазақстан экономикасына да кері залалы болды. Нәтижесінде, біз одан кейінгі  жылдары да макроэкономикалық көрсеткіштеріміздің нашарлап кетуіне байланысты тіпті  72 орынға дейін құлаған  кезіміз болды.  2012 жылы  үлкен бір секіріс жасап, одан кейінгі 2013-2014 жылдарда елу елдіктеміз, 2015 жылы рекорд жасап,  42 орынға   шықтық. Ал  қазіргі  уақытта елуліктен шығып қалған жағдайымыз бар. Екі жыл қатарынан, 2017-2018 жылдарда 57-ші орында болсақ, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 55-ші орындамыз.

Жалпы, дүниежүзілік форумның  экономистер үшін мәні мен маңыздылығы  зор.  Бұрындары  бұл  форум Швецарияның Даллас қаласында, оның алдында Женевада  ұйымдастырылып  келді. Әр жылғы қаңтар айында назарымыз осы форумда болады.  Мұнда әлем экономикасы қалай дамып келді, алдағы  жылдарда қалай дамуы тиіс дегенсауалдарға болжам жасалады. Бәсекеге қабілеттілік дегенімізде дәл осы рейнтингке мән берген жөн. Бұл, әрине, бірінші кезекте. Бұдан өзге де бәсекеге қабілеттіліктің рейнтингісін көрсететін  түрлі  агенттіктер бар. Бірақ, олар мемлекет санын қысқартып алады. Бұл болжамдар бойынша біз елуліктердің қатарында, тіпті отызыншы орында жүрген кездер бар. Ең негізгі рейтингтік агенттік  Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметтеріне сәйкес болатынын  айта  кеткім  келеді. Осыны бір жерге түртіп қойсаңыздар, алдағы уақытта қандай да бір талдау жасағанда сөзсіз  қажет  болады»,  – деген  Мақсат Халық  тек макроэкономикалық жағдайлар ғана емес, азаматтардың өмір  сүру  ұзақтығы,  денсаулық жағдайы, орта білімнің деңгейі, ғылым мен инновация қалай дамып жатыр, осы бойынша да рейтингте қаралатынын тілге тиек етті.  Оның айтуынша,  мұнай  бағасы өскен кездерде экономикамыз жақсы көрсеткіштер көрсетеді, макроэкономикалық тұрғыда,  ішкі өніміміз өседі, сол бойынша біз  отыздыққа кіріп кетеміз.  Бірақ, денсаулық жағдайы, азаматтардың  өмір сүру  ұзақтығы және білім деңгейі, адами капитал тұрғысынан келгенде   80-ші орынға , тіпті одан әрі кейінге шегіне бастайды екенбіз.  «Бұл дегеніңіз үлкен мәселе», – дейді ол.

Негізінен,  адами капитал дамымай, мемлекеттің  ұзақ мерзімде елулікте тұруы немесе отыздыққа қарай ұмтылуы көп жағдайда   бекершілік  болатынын  баса айтқан экономист-маман   бұл тұрғыда нақты шолулар да жасады.

Экономист-маманмен  болған  онлайн жүздесуде   жұмыссыздықтың  әлеуметтік-экономикалық салдары,  Қазақстандағы күнкө-ріс деңгейі, Қазақстанның сыртқы қарызы,  азаматтардың түрлі қаржылық пирамидаларға алдануының салдары туралы  да кеңінен әңгіме болды.  Сабақ барысында көлеңкелі экономиканың ел дамуына кері әсері,  микронесиелердің  мөлшерден тыс пайызы сынды өткір мәселелер  де көтерілді.

Айта кетейік,  әлеуметтік тақырыптағы сабақтар  «Шеврон»  компаниясының демеушілігімен желтоқсан айына дейін жалғаспақ.

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.

 


ПІКІР ЖАЗУ