КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

0
1714

Алматы облысында «нұротандықтардың» түрлі қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Партия мүшесі, әрі кәсіпкер, «Бала бала» балабақшасының құрылтайшысы Әлия Есқожанованың мұрындық болуымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында облыстық мамандандырылған балалар үйіне 1 миллион теңгеге жуық қаржы көлемінде қажетті киім-кешек сыйланды. Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, кәсіпкердің өкілдері киімдерді балалар үйіне табыстап, мекеме ұжымының алғысына бөленді.

Өз сөзінде Серік Нұрқадыров:«Біздің партия мүшелеріміздің игі істері көпке үлгі. Үнемі қайырымды істердің басында болып, әлеуметтік бастамалардың бастауышысы болып жүр. Біз де өз тарапымыздан бұндай азаматтарға қолдау көрсетіп, қоян-қолтық жұмыс істеп, нәтижелерін көрсетудеміз. Мысалға жақында ғана партия мүшесі , әрі халық қалаулысы Р.Қожасбаев 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге үй сыйлады. Бұндай игі жұмыстар партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында одан әрі жалғаса бермек», – деп атап өтті.
Бүгінгі күні Талдықорған қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйінде 77 бала, оның ішінде тұрақты түрде 37 бала, күндізгі бөлімде 40 бала тәрбиеленуде.

Жұмыс жоспары бекітілді

Бір жыл бұрын «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы белсенді партия ардагерлерінің қауымдастығы құрылған болатын. Қауымдастықтың атқарған жұмысы және биылғы жылғы жұмыс жоспары мен құрамын бекіту, кезекті Сайлау қорытындысы мен облыстық Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында партия ардагерлері қауымдастық отырысында талқылады.
Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров сайлау науқанында партия ардагерлері штаб қызметінде белсенді жұмыс атқарып, еңбектерін атап өтті. «Біздің штаб үлкен шаралардың ұйымдастырушысы болды. Атап айтсақ, науқан аясында 6049 шара ұйымдастырылып, карантиндік талаптарды ескере келе, 3064 шара онлайн режимде өткізілді. Шараларға 412 048 адам қатысып, бетпе бет кездесу – 165 896, ал онлайн қамту – 246 152 сайлаушыны құрады. Сайлау науқанында нұротандықтармен бірге атқарылған жұмыс үшін ардагерлерге алғысымды білдіремін», – деп сөзін қорытындылады.
Сонымен қатар, отырыс барысында Талдықорған, Текелі қалалық, Ұйғыр аудандық қауымдастық төрағалары 2020 жылғы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.

«NUR OTAN » партиясы
Алматы облыстық филиалының
баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ