Yш мың орындық шығаратын жиһаз цехы

0
1083

Алматы облысында кәсіпкер орындықтар өндірісін жолға қойды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылған жиһаз цехы ай сайын үш мыңға дейін орындық шығарады.

Іле ауданының тұр-ғыны Тілек Әділхат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасының арқасында кәсіпкер атанды. Ол ұзақ уақыттан бері жиһаз жасап, оны базарда сатып келген.
Оның сөзінше, 2018 жылы Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жазылды. Курс аяқталған соң «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 505 мың теңге көлемінде грант алды. Ал өткен жылы жиһаз өндіретін цехты дамыту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6млн. теңге көлемінде несиеге қол жеткізген.
«Бизнесті бастаған кезде үш апта бойы қызметкерлерді оқы-тып, тегін шеберлік сабақтарын өткіздім. Қазір өз командамды жасақтадым. Біз күн сайын үйге арналған 100 орындық жасаймыз. Отандық өнімнің басты артықшылығы сапасы мен бағасында. Шетелдің орындықтарына қара-ғанда құны төмен. Осы-ның арқасында көтерме тапсырыс берушілеріміз бар», – дейді кәсіпкер.
Жиһаз цехы Іле ауданының Жетіген ауылында орналасқан. Өнім-дер аудан ішінде және Алматы қаласының базарларында сатылады. Бүгін-де кәсіпкер жиһаз түрін ұлғайтып, жаңа станоктар сатып алу арқылы цехты кеңейтуді жоспарлауда.
Айта кетейік, өткен жылы аймақ бойынша «Бастау Бизнес» аясында 3022 қатысушы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 2 мыңнан астам жоба жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге қаржыландырылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ