Су электр стансысы салынады

0
1521

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ділдаш Құрышбаева Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның аудан бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Алдағы бес жылда атқарылатын жоспарлармен бөліскен Ділдаш Нариханқызы жалақысы жоғары жаңа жұмыс орындары құрылатынын айтты.

«2021 жылы «Нұр Думан» ЖШС-нің Сарыөзек ауылындағы наубайхананы кеңейту жоспарда бар. Жоспарды іске асырсақ күніне 2 мың нан шығаратын деңгейге жетеді. Ал, 2022 жылы «Баян Сервис» жеке кәсіпкерінің Сарыөзек ауылында кірпіш өндіретін цехы салынады. Ол цех күніне 300 кірпіш шығаратын болады. 2023 жылы болса, Сарыөзек ауылында «Ала цем» ЖШС темірбетон ұйымдарының цехы салынады», – деген ол 2025 жылы Көксу өзенінде қуаттылығы 37 мегеваттан астам электр қуаты бар «Жарық энерго» су электр стансысын салу жоспарда барын жеткізді.

Кездесу барысында үміткер әлеуметтік сала бойынша да жоспарлаған шаралармен құлақтандырды. Шалғай жатқан ауылдарға ауыз су тарту, интернетпен қамту секілді тың жобаларды баяндады. Тұрғындар болса алдағы саяси науқан сәтті өтіп, ел экономикасының өркендей беруін тіледі. Үміткер Ділдаш Құрышбаева 10 қаңтар күні  өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып: «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», – деген сөзбен кездесуді аяқтады.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ