Тікелей эфирге шықты
Облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы «Депутатқа сауал қой» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Бұл туралы Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.
Эфир барысында Жанболат Әкебайұлы оқырмандарға облыстық мәслихаттың атқарған жұмысымен «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасының іске асуы, өңір дамуы мен алдағы жоспарлары жайлы оқырмандарға ақпарат берді. Мұнан кейін сұрақ-жауап алмасу форматына көшіп, қойылған сауалдарға жауап берді.
Жалпы облыстық мәслихат депутаттары жыл басынан «Депутатқа сауал қой» тақырыбында 363 тікелей эфир өткізіп, 50 000 нан аса оқырманды қамтыды. Өңір депутаттары жыл басынан бері 734 адам қабылдап, оның 444 өтініші (82%) оңды шешілген. 281 сұрақ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар депутаттар өңір тұрғындарымен 269 кездесуі өткізіліп, өзекті мәселелер бойынша 62 депутаттық сауал жолданған.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»