43 бала коронавирус жұқтырды

0
991

8 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 45 547 жағдай тіркелген, оның ішінде 32 479 симптом белгілері бар. Бұл жайында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметі  хабарлады.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2130,9 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9% — дан 0,7% — ға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай аудандарында және Талдықорған қаласында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ-дың 265 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,6%, оның ішінде 224 симптомдық және 41 симптомсыз жағдай.

КВИ анықталған 265 жағ-дайының 43-і 14 жасқа дейінгі балалар және 3-еуі студенттер арасында анықталған.

Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 773 685 доза келіп түсті. Оның ішінде 598 575 доза Гам Ковид Вак, 104 100 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак. Вакцинаның 2 компонентінен 701 310 доза алынды. Оның ішінде 526 200 доза Гам Ковид Вак, 104 100 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак.  Бүгінгі күні облыста вакцинаның 1 компонентінен 74 362, 2 компонентінен 119 952 доза  қалып отыр. 8 қыркүйекке қараған күні 699 323 (64%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 581 358 (53%) тұрғын егілді.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ