Алакөлдегі клубтың қаржысы Сырдағыдан неге жоғары? /фактчек
Мәжілістің Үкімет сағатында депутат Мәди Ахметов «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылының 150 орындық клубқа бөлінген қаржы 518 млн-нан астам, ал, тура осы сияқты Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентіндегі 150 орындық клубтың құрылысына 50 млн.теңге кеткен» – деп мәлім етті. Біз бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрдік.
Үкім: Жалған
Дәлел: Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Алмат Есенбеков былай дейді:
–Құжаттарды көрдік, Шалқиядағы 877кв/м мәдениет үйінің құрылыс құны 343 млн. 150 мың теңге, Ақтүбектегі бұдан үлкен 1500кв/м мәдениет үйіне 551 млн. теңге бөлінген. Сәйкесінше кв/м-ді қаржыға бөлсек Шалқиядағы мәдениет үйі Ақтүбектегіден қымбатырақ. Яғни Шалқияда 1 кв/м. 391 мың теңге, Ақтүбекте 1 кв/м 380 мың теңге.
Сарби ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ