Күріш егу – кәсіп, диқанға  –  нәсіп

0
1281

Биыл  Балқаш  ауданы  бойынша 29 809 гектар суармалы жерге егін егілсе, оның 7530 гектары арпа-бидай, 6 800 гектары күріш, 13 911 гектары көпжылдық шөп. Сонымен қатар 867 гектары бір жылдық шөп.  Ал  230 гектарына картоп отырғызылса, 321 гектарға бау-бақша өнімдері егілген.

Аудан диқаншылары жоспарланған  6 800 гектар жерге күріш дақылын толық сіңіріп, егілген егіс көлемінің 5000 гектарын сумен бастырып үлгерді. Мәселен, Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   өздерінің  шаруашылығына  тиесілі 5447 гектар суармалы жердің 1100 гектарына бидай, 1406 гектарына көпжылдық шөп және  941 гектарға күріш дақылын себуді  жоспарласа,  қазіргі кезде шаруашылық  жерге сіңірген күріш дақылының 761 гектарын сумен бастырып үлгерген.

Еңбектің көрігін қыздырып, егіс алқабында жүрген механизаторлар Санат Төлжарасов, Талғат Жұманазаров және Ермек Кенжетайдың айтуынша, егін егу жұмыстарына шаруашылық бойынша 22 техника жұмылдырылған. Күріш егу науқанында 8 тұқым сепкіш тұрақты жұмыс атқарып, нәтижесінде белгіленген мерзімде өз жұмыстарын ойдағыдай аяқтаған.

Егістік алқапты сумен бастыру жұмыстары жайында  әңгіме өрбіткен  Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің гидротехнигі Әлімжан Ахметов судың деңгейі жылдағыға қарағанда аз мөлшерде екенін тілге тиек етіп, қиындықтардан шығу жолдарын қарастырып жатқанын айтады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ