2025 жылы Жетісу облысы газбен толықтай қамтылатын болады

0
547

20  қазанда  туған  өңірі  Жетісуға келген Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаев  Кемелұлы қалың  бұқарамен  және  жергілікті  билік  өкілдерімен кездесуінде  өңірдің  экономикалық  даму  қарқыны жайлы айта келіп, 2025 жылы Жетісу өлкесі толықтай көгілдір отынмен  қамтылуы  тиіс  екенін  баса айтты. Талдықорғаннан  бір  ғана  Алакөл  бағытындағы елді  мекендерді  қаржыландыруға  40  миллиард қаржы  бөлуді  Үкіметке  тапсырғанын айтты. «2025 жылы әр елді мекенді жеке өзім қадағалап, атқарылған істерді көретін боламын», –  деген Мемлекет басшысының салмақты сөзі жергілікті билік өкілдеріне де біраз ой салғандай. Себебі экологиялық ахуал дүние жүзінде өзекті мәселе болып тұр. Табиғаттың  ластануынан  бөлек,  автокөліктердің  жанар-жағармайынан және әлі күнге дейін қатты отын жағып, будақтаған түтіннен көз ашпай отырған Қазақстан мемлекетіндегі әлеуметтік мәселенің бір түйіні көгілдір отынға байланысты.

2016 жылдан бастау алған газ құбырларын  тарту  желісі  әлі күн тәртібінен түспей келеді. Облыс орталығынан бастап алыс аймақтардағы елді мекендерге дейін газ желісін жеткізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Мемлекет басшысы Жетісу облысына келген сапарында бұл жұмыстарды 2025 жылы толық аяқталу керектігін жергілікті билік өкілдеріне нақты тапсырғанды. Бүгінде Талдықорған қаласы  мен облыс аумағындағы елді мекендерді табиғи газбен қамту мақсатындағы жұмыстар бір жүйеге келіп қалды деп нық сеніммен айтуға да болады. Себебі газ құбырлары тартылған алты жылдың ішінде облыс маңындағы елді мекендер және шалғай аудандардың тұрғындары біртіндеп көгілдір отынды пайдаланып келеді.

Мәселен, 260 шақырымға созылған «Алматы – Талдықорған» магистралі Шымыр ауылының маңынан салынған «Талдықорған» газ қабылдау-тарату пункті арқылы өтуде. Облыстық энергетика  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасының тапсырысы, «КАТЭК»  ЖШС-нің  жобасы  бойынша қаланы газдандыру «Ақниет-БН» ЖШС-не жүктелген. Аталған  мердігер компания қаланы толықтай газбен қамтамасыз ету сынды ауқымды жобасын төрт кезеңге бөліп атқарып келеді.

Қаратал шағын ауданы, Абылай хан, Жансүгіров, Гауһар ана көшелерінің бойындағы, облыстық аурухана, автобекет және орталық базар маңындағы жеке және көпқабатты тұрғын үйлер, Самал, Жастар, Мерейтой  шағын аудандары  мен Желтоқсан,  Қабанбай батыр,  Чкалов,  Бе-лов, Шевченко көшелерінің бойындағы жеке және көпқабатты тұрғын  үйлер, үшінші  кезеңде  Өтенай және Шығыс шағын ауданы  мен  Жансүгіров,  Алматы, Тілек  Әбжалиев көшесінің тұрғындары газбен толықтай қамтылған. Төрт кезеңмен жүзеге асырылып жатқан газ құбырларын тарту жұмыстары жылдан-жылға қарқын алып келеді. Алайда елді мекендерді айтпағанның өзінде, ірі облыстардың орталық  қалаларында тұратын жеке тұрғын үй секторлары  ХХI  ғасырда  өмір сүрсек  те қатты отынға тәуелді болып тұр. Жылыту маусымы басталғанда үлкен қазандықтардан будақтаған көк түтін адам баласының қолқасын қауып, зеңгір көктегі таза ауаның өзі ластануда.

Қыс маусымынан бөлек, жыл он екі ай бойы жылы су беретін мекемелер мен моншаларға тонналап жағылатын көмірден шыққан улы заттарды айтудың өзі артық. Оның үстіне жылдан-жылға баға нарығы ноқталауға  көнбей  шарықтаған  сайын қатты отын  қолданушылардың сатып алу мен тиісті жеріне жеткізудегі машақаты үлкен дауларға  ұласып  жатады.

Көгілдір отынмен қамтылу мәселесі Талдықорған қаласында 2016 жылы қолға алынғанын жоғарыда айттық. Қаланы газдандыру жүйесіне тапсырыс беруші – «Жетісу облысының энергетика және ТКШ басқармасы» ММ Газдандыру жобасы 4 кезекке  және  22  іске  қосу  кешеніне  бөлінгенді.  Бүгінгі   таңда   қалада  барлығы   921,5 км газ құбыры желілері (жоғары қысым 57,1 км, орташа қысым 617,0 км, төмен қысым 247,4 км) құбыр желілері тартылған. Талдықорған қаласының әкімі Әсет  Масабаевтың айтуынша, қаланы газбен жабдықтау желілерімен қамту 90,3%-ды  құрайды, оның   ішінде 29 516  абонент  табиғи газға қосылған немесе 53% (ЖТҚ 14 168, 15 348 пәтер) көгілдір отынмен қамтылған дейді.  Бұл жоғарыда айтқандай,  қала тұрғындарын қатты отынға деген тәуелділіктен құтқарып, қала тазалығын қалыпқа келтіруге әрі экологиялық түйінді мәселенің шешілуіне дәнекер болмақ.

Алдағы жылыту кезеңіне дайындық  мақсатында  «ҚазТрансГаз-Аймақ»  АҚ  Жтф қаражаты есебінен МГРП-да (ұжымдық сектордың шкафтық реттеу пункттерінде) ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 173 бірлік 100%-ға  орындалды, ГРПБ-дағы ағымдағы жөндеу (трассалардағы блокты газ  тарату пункті) – 27 бірлікте, 100% орындалғанын айтқан Әсет Дүйсебекұлы 2022 жылғы 30 тамызда «Жетісу облысының ЭиЖКХ  басқармасы» ММ және «ҚазТрансГаз-Аймақ»  АҚ   Пригородное  және 3-ші  бөлімшеде  табиғи  газ  іске  қосылғанын, қосымша  газбен жабдықтау бойынша 3 жоба іске асырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ ЖТҚ  3-Бөлімше («GoldenCity DS» ЖШС сомасы  249,5  млн  теңге, ұзындығы  29,0 км). ЖТҚ  Жастар-2 («Рем Строй» ЖШС, сомасы 295 млн теңге биыл 236 млн теңге бөлінді, нысан ауыспалы, ұзындығы 20,3 км).

Ынтымақ  ЖТҚ («МБК  Құрылыс» ЖШС, сомасы 1,5 млрд  теңге, биыл 600 млн теңге бөлінді, нысан ауыспалы, ұзындығы 113,5 км). Бұдан бөлек, екі жоба әзірленуде деді. Қала  іргесіндегі учаскелерді қамту үшін «Талдықорған қаласының газ желісін салу 22 а», қаланы газдандырудың негізгі жобасына кірмеген. (Өткізілген учаскелер  6, 7 ш/а, Пладопитомник, агроөнеркәсіп (бөлім), Жастар-1  (бөлім). Мойнақ ауылында газ желісін салу және бір пәтерді газға қосу құны: есептеу құралынсыз  – 10,0  мың тг, есептеу аспабымен  – 28,0 мың теңге. ЖТҚ қосу құны: газ қазандығын алғашқы іске қосуды ескере отырып  және пломбалау –  400,0-ден  750,0  мың  теңгеге дейін деген қала әкімі газ тұтынушылардың бұл бағаны қалталары көтеретіндігін де айтып өтті. Жалпы Талдықорған қаласында  барлығы 18 құрылыс-монтаждау ұйымы жұмыс істейді.

– Көгілдір отынды тұтынушылар үшін «ЖетісуОблГаз» ЖШС  арқылы табиғи газ-ға 10 айға дейін бөліп-бөліп қосылу мүмкіндігі қарастырылған. 2022-2023 жылдары жылыту маусымы қалада  ағымдағы  жылдың  10  қазанында  басталды, бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау объектілері қосылды. Бүгінгі таңда жылумен жабдықтау жүйесіне 740 КТК, 48 білім беру нысаны, 19 Денсаулық сақтау нысаны және 48 әкімшілік әлеуметтік нысан қосылған.

Жалпы, жылыту кезеңі-не дайындық кестеге сәйкес аяқталды және коммуналдық қызметтердің барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімінде орындалды, – деген Әсет Дүйсебекұлы «Талдықорғантеплосервис» КМК құрамына жалпы қуаты сағатына 457,95 Гкал болатын 10 қазандық (1 ірі, 4 тоқсандық, 5 шағын қуат) кіреді және ұзындығы 179,3 км жылу желілерімен (32 мм-ден  920 мм-ге дейін) созылғанын айтты жеке тұрғын үй секторы. Жеке тұрғын үй  қоры  22,1 мыңды құрайды (14 114 тұрғын үй табиғи газда болса, 1 286 орталықтандырылған жылыту жүйесінде, 7 мың автономды жылыту (қатты отынмен) қамтылғанын  тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жетісу өңірін көгілдір отынмен  2025 жылға дейін толықтай қамтып бітіруді жергілікті билікке тапсырды. Оған дейін әлі үш жыл  уақыт бар деп  арқаны кеңге салып  жүруге  болмайды. Мемлекет бөлген қаржыны тиімді пайдаланып, Президент тапсырмасын  мезгілінде  аяқтау  үшін   облыс әкімі Бейбіт Исабаев  та  жұмысты ширақтау керектігін  әкім-қараларға айтқантұғын.

Бір ғана Талдықорған қаласының өзі әлі күнге дейін қатты отынға тәуелді болуда. Қалаға және жақын аудандарға қатты отынмен жалпы қажеттілік 168 930 тоннаны құрайды. (Талдықорған 70 000  тон-на, коммерциялық мекемелер 16,0 тонна, Сарқан,  Ақсу, Ескелді, Көксу аудандарына 83 000  тонна  көмір  қажет).

Көмірмен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы көмір тұйықтарының жалпы саны – 12 бірлікті құрайды.  Көмір қоймаларында бір жылға арналған жоспары – 168,9 мың тонна (70 мың тонна. Талдықорған қаласы үшін, 83,9 мың тонна жақын маңдағы аудандардың тұрғындары үшін 13 мың тонна коммерциялық ұйымдар үшін) қажет.

Жыл басынан  бастап  63,5 мың тонна көмір сатылған.  Қолда бары  – 7,2 мың тонна, орташа  сату бағасы  –  14 600-17 000 теңге көлемінде. Бұл тасымалдау құнын қоспағандағы баға. Ал, Талдықорған қаласына тиіп тұрған Көксу ауданында ел-ді мекендерді қосқанда 43000 адам тұрады.  Ауданның  өзінде 17000 тұрғын бар. Жалпы елді мекеннің 40% пайызы газ жүйесімен толық қамтылған дейді Көксу ауданының әкімі Марлен  Көлбаев.

Елді мекендер бойынша алты ауылға газ желісі тартылып, тұрғындар көгілдір отынды пайдалануда. Қазан айының 28-і күні  тағы  екі  ауылға  Еңбекшіқазақ  және Мәмбет ауылдарына газ  берілді  дейді. Бұл өңірде газ орнату бағасы 30 метрге дейін 169 теңге болса, газ пешін қосып үйге кіргізу-де жалпы сомма 700 000 теңге көлеміне барады. Сондай-ақ  газ тартылған 6 ауылда әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға  газ  құбырын тартқан компаниялар демеушілік көрсетіп, өз қаражаттарына газ құбырынан бастап, жағатын пешіне дейін толық  орнатып беруде деген аудан әкімі Марлен Қапашұлы,  Мұқыры ауылдық округі бойынша ауылда  газ орнатумен 8 компания  жұмыс жасап жатқанын айтты.

Газ жүйесін орнатуға қатысты 175 үймен келісім шарт жасалған. 168 үйдің техникалық  құжаттары бекітілсе, 94 үй газға толықтай  қосылған Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбаева ауылында 352 отбасының газ жүйесіне 4-уі қосылса,  Бесқайнар ауылында 152 тұрғынның үшеуі газ желісін қолданып отыр. Балпық би ауылының ішкі газбен қамту жүйесі бойынша орта қысымды 19,052 шақырым және төменгі қысымды 94,321 шақырым газ құбыры тартылған. Жалпы  Балпық  би  ауылының  газ құбырлары жүргізілген көшелердің тұрғындарына газға қосылу мүмкіншілігі түсіндірілуде (қосылу бағасы 250 мың теңгеден басталады). Тапсырыс беруші облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Балпық  би  ауылы бойынша жалпы аула саны – 4136. Бүгінгі күнге газ жүйесіне қосылған үй саны – 1544.  Газ  жүйесіне  қосылған заңды тұлғалар саны – 31. Оның ішінде ірі кәсіпорындар – 5 (Көксу қант зауыты, «Уыз Май Индастри» ЖШС, МКК Көксужылу, «Құрылыс» ЖШС, ЖК Аркабаев) дүкендер саны – 27. Сондай-ақ ауылдың  Қ. Жалаири  атындағы  орта  мектепке орта қысымды газ жүйесіне қо-су жұмыстары  жүргізілген. Жалпы Көксу ауданының Алғабас, Ақтекше, Талапты, Кеңарал,  Жарлыөзек,  Жетіжал  және Қызылтоған ауылдарындағы газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын салу бойынша  жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін бас жобалаушы болып «Улмад» ЖШС-гі анықталған. Жобалау мерзімі – 5 ай. Қосымша 10 жылдық Қазақстан,  Мәулімбай,  Айнабұлақ,  Бозтоған, Ақшатоған, ауылдарының бас жобалаушы болып «КИТНГ»  ЖШС-гі  анықталды. Барлық жобалауға бөлінген қаражат 236,8 млн теңге. Жобалау  мерзімі – 5 ай.

Теректі  ауылында  жалпы  аула саны 316. Соның  110  үйі  газ жүйесіне қосылып, Т. Исабаев атындағы орта мектепте орта қысымды газ жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша Жетісу болысы 2025 жылы толық көгілдір отынмен қамтылуы керек. Оған Мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінуде. Көмір жағып, күйелеш болып жүрген аудан, ауыл тұрғындары үшін механаты  көп  бір шаруадан  қолдары  босайтын  күнде алыс емес.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ