ЖАС САРБАЗДАРДЫ ҚАРСЫ АЛУДА

0
158

ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілерін қабылдауды бастады.

Жастарды қалыптасқан үрдіс бойынша салтанатты түрде қарсы алу шарасында Алакөл ауданы бойынша шекара басқарма бастығы подполковник Мақсат Рысдәулетов сөз алып, жүрекжарды тілегін білдірді.
«Құрметті, жас сарбаздар! Сіздер, Шекара қызметінің қатарына Отан алдындағы азаматтық парыздарыңызды өтеуге келдіңіздер. Енді сіздер Шекара шебін берік күзету ісінде жүрген шекара сақшыларының бірісіздер. Үйде ата-аналарыңыз ұлдарының осындай абыройлы да беделді жауынгерлік қызметте жүргендеріңізді мақтан тұтуда. Алдағы уақытта ел сеніміне сілкеу түсірмей, туған жер алдындағы қызметтеріңізді абыроймен ақтайтындарыңызға бек сенемін!» – деді ол.
Бес жүзге жуық сарбаз Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде ант қабылдап, шекарашылардың өмірімен танысатын болады. Сонымен қатар, оқу орталығында кинолог, көлік жүргізушісі, прожекторист, радиолакациондық станциясының операторы, электро-құралдар шебері, шекара бақылаушы, атқыш сияқты мамандықтарға даярланады. Сабақты тәжірибелі оқытушылар жүргізеді.
Келесі жылдың қаңтар айының басында «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілері оқу барысында алған мамандықтары бойынша шекара бөлімшелеріне жолданады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ