ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ NIS ОҚУШЫЛАРЫ ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТТАРЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

0
31

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тұран университеті ұйымдастырған халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанып, пікірталаста ерекше шеберліктерін көрсетті.

Зияткерлік жарыстар Алматы қаласында өтті, онда еліміздің түкпір-түкпірінен 48 команда жиналып, білімдерін сынады. Пікірсайыс 7 турдан тұрды.
Нәтижесінде Зияткерлер бір жыл бойы Тұран Университетінде тегін оқуға сертификаттар жеңіп алды. Бұл берілген мүмкіндік оқушылардық кәсіби өсуіне жаңа көкжиектер ашады.
– Пікірсайысқа қатысу біздің шешендік шеберлігімізді дамытып қана қоймай, сыни тұрғыдан ойлауға және өз ұстанымымызды дәлелдеуге үйретеді. Ұйымдастырушыларға бірегей алғыс айтамыз, –дейді 11 — сынып оқушысы Айсұлтан Әуелбай.
Пікірталас-білім беру процесінде маңызды рөл атқарады, көпшілік алдында сөйлеу, топтық жұмыс дағдыларын дамытуға көмектеседі. Аталмыш қасиеттер кез-келген салада табысты мансап үшін өте маңызды, ал турнирде жеңіске жету-біздің талантты оқушыларымыздың бастамасы ғана.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ