ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНДЕ

0
50

Жуырда «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық №1 «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мұғалімдер мерекесіне орай 4 А және 4 Б сынып оқушыларының әзірлеген мерекелік концерті өтті. Мерекелік шараны мектеп ұжымы, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары тамашалады.

Аталмыш шараның мақсаты  — сөйлеу тілін нақтылау, бірқалыпты билеуге үйрету, қойылым қою, ретімен шығуды білу; сөйлеу тілін, есту қабілетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, бір-бірімен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Мектеп директоры Мухаметрахимова Қаламқас Алимханқызы, математика пәнінің мұғалімі, мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы  Оқбаев Бағдат Баяхметұлы, оқу ісі жөніндегі орынбасары Туруспекова Салтанат Қабиболдақызы мұғалімдер мен қонақтарды мерекемен құттықтады. Мектеп директоры ардагер ұстаздарды таныстырып, оларға ерекше ықылас білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.

4 сынып оқушылары: Айбар, Медина, Дария, Дарын, Максим, Вика, Бекарыс, Сұңқар, Алихан, Әмірхан, Нұржан ұстаз туралы тақпақтар айтса, Медина мен Балым «Ұстазым» әнін, Нұржан «Жас ұлан» әнін шырқап, көрермендердің көзайымы болды. Оқушылар музыкалық аспаптармен күйлер орындап, сондай-ақ, «Алилуя», «Хулиган» билерін және Флэшмоб билеп, зор ықыласқа бөленді.

Ұлағатты ұстаздарға — мектеп директоры, Мухаметрахимова Қаламқас Алимханқызына, тәрбие жөніндегі орынбасары Қылышбаева Әсел Қайратқызына, 4 А сынып ұстаздары: Омарбаева Рауза Абдилхамитқызына, Ибрагимова Айна Тоқтағанқызына, Болатова Аида Асанқызына, Серікова Жанна Серікқызына және 4 Б сынып ұстаздары: Шалимбетова Сәуле Советханқызына, Райханова Римма Қайратқызына, Асанова Сәуле Нариманқызына, Иманбетова Роза Кабдулқызына және мектеп ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Сіздерді Ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз, дендеріңізге саулық, жемісті еңбек, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт тілейміз.

Ізгі тілекпен: ата-аналар атынан

Айнаш ҚАСЕНОВА