ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨЛЕМДЕРІ МЕН ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША АШЫҚ СҰХБАТ ӨТТІ

0
34

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен Халық банкінің қызметкерлері кездесіп, тұрғын үй төлемдері мен тиімді ипотекалық бағдарламалар жөнінде ашық сұхбат өткізді.
Кездесу барысында әскери қызметшілерге банк тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер, несие алу шарттары және тұрғын үй мәселелерін шешудің тиімді жолдары туралы жан-жақты түсіндірілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті