ҮЛКЕН ШЫҒАН АУЫЛЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

0
26

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы ҚР ҰҚК Шекара академиясына үгіт-насихат жүргізу мақсатында Үлкен Шыған ауылының жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға Шекара академиясына түсу талаптары, әскери білімнің артықшылықтары, офицерлік мамандықтың мәні мен болашағы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сондай-ақ шекара қызметіндегі жауапты міндеттер мен қызметтік ерекшеліктер түсіндіріліп, оқушылардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
Іс-шара жас буынды Отан қорғау ісіне қызықтырып, олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруді мақсат етті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті