АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІ ӨСУДЕ

0
25

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы қарқын алып келеді. Қазіргі уақытта өңірде 123 кәсіпорын жұмыс істеп, биыл 74,2 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді. Өнімді қайта өңдеу үлесі 68%-ға жеткен.

Биыл облыста 500 мың гектар егіс егілді. Қант қызылшасының алқабы 12,2 мың гектарға дейін ұлғайып, 452,2 мың тонна өнім жиналды. Өткен жылы Ақсу қант зауыты жаңғыртылып іске қосылды, ал Көксу зауытын кеңейту жобасы жалғасуда.
Дәнді, майлы және көкөніс-бақша дақылдарын жинау аяқталды: жалпы өнім 1,4 млн тоннаға жетті. АӨК саласына 20 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды. 2025-2027 жылдары жалпы құны 94,4 млрд теңге болатын 23 жоба жүзеге асырылмақ.
Пайдаланылмай жатқан 1,3 млн гектар жер анықталып, оның 712 мың гектары қайта айналымға енгізілді. Мал басы 2,6 млн басқа жетті, өңірде сүт фермалары мен бордақылау алаңдары жұмыс істейді.
Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 64 млрд теңге бөлінді. Саланың 2025 жылдың 10 айындағы жалпы өнімі 403,6 млрд теңгені құрады.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»