ОҚУШЫЛАРМЕН ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері Алматы қаласындағы 185 мектеп-гимназиясының оқушыларына ерлік сабағын өткізді. Сабақ барысында шекарашылардың күнделікті қызметі, Отан қорғаушылардың жауапты міндеттері туралы айтып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берілді. Сонымен қатар, оқушылар шекара қызметінің тарихы, батырлық дәстүрлері және қазіргі кездегі әскери қызметтің ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды. Сабақ барысында жастардың сұрақтарына жауап беріліп, олардың патриоттық сезімін оятуға бағытталған қызықты тәжірибелік элементтер ұйымдастырылды.
Ерлік сабағының мақсаты – жас ұрпақты Отан алдындағы борышқа деген құрметке, патриоттыққа баулу, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен рухты қалыптастыру.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
