КЕДЕНДІК ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ 84 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

0
33

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылы жүргізілген кедендік тексерулердің қорытындысын жариялады. Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылған 3 302 тексерудің нәтижесінде 2 777 құқық бұзушылық анықталып, мемлекет бюджетіне 660 миллион теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелді. Бұл көрсеткіштер өңірлік департаменттің республика бойынша алдыңғы қатардан көрінуіне мүмкіндік берді.

Кедендік бақылау автоматтандырылған тәуекел профильдері, инспекциялық тексеру кешендерінің күдікті түсірілімдері және құқық қорғау органдарынан түскен материалдар негізінде жүргізіледі. Тексеру барысында жүк толық өлшеніп, қаптамалар ашылып, тауар саны қайта есептеледі, ал біртекті тауарлар тасымалданған жағдайда ішінара жүк түсіруге рұқсат беріледі. Барлық процесс ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бейнежазбаға тіркеледі.
Заң бұзушылық анықталған жағдайда шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі талаптарына сәйкес қабылданады. Егер келтірілген залал 10 мың айлық есептік көрсеткіштен асса, іс материалдары Экономикалық тергеу департаменті қарауына жолданады. Өткен жылы салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 2,9 миллион теңгені құрап, әрбір анықталған құқық бұзушылық бойынша орта есеппен 238 мың теңге өндірілді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»